Алматыда «OrdaGen» әлеуметтік-танымдық жобасының «Оның аты - Айбар» атты мультхикаясының жабық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Оның аты – Айбар» 2D мен 3D форматында түсірілген еліміздегі тұңғыш мультсериал. Сериал OrdaGen жобасының YouTube арнасында балаларға тегін көрсетіледі.
Балаларға арналған бұл жоба 10 сериалдан тұрады. Ұзақтығы – 5-7 минут. Басты кейіпкері – Айбар атты қасқыр. Ол өзінің Шымыр, Момын, Барыс, Ерке сынды достарымен бірге түрлі оқиғаны басынан кешіреді. Авторлар әр сериалда оқиғаны қызық етумен қатар, құнды ақпарат жеткізуге тырысқан. Мәселен, бір бөлімінде шахмат ойыны туралы мәлімет берілсе, енді бір сериясында қағаздан ұшақ жасауды үйретеді.
Аталмыш туындының идея авторы – Айбек Қуатбай. Ал жоба жетекшісі – Парасат Танен. Мультсериалға режиссерлік еткен – жас аниматор-режиссер Дидар Нұрлаев. Ал сценарийін Шыңғысхан Ермахан және Сенбек Руслан атты жас қаламгерлер жазған.
Мультхикая жасау – қызығы мен қиындығы қатар жүретін процесс. Көрермен назарына ұсыну үшін бірнеше кезеңнен өтетінін біреу білсе, біреу білмес. Аталмыш туындының режиссері Дидар Нұрлаев осы жайында айтып берді.
– Бұл мультхикая – 2 d мен 3 d форматтарының біріккен түрі. Командадағы бас аниматорымыз Руслан кейіпкерлерді 2 d форматта жасап шығарды. Ал 3 d суретшіміз Мади қоршаған ортаны 3 d түрде істеді. Осы 2 d мен 3 d атты екі әлемді араластырғанның арқасында комбо стиль дайын болды. Соңғы уақытта мұны шетел аниматорлары жиі қолданып жүр.
2D кейіпкерлердің бейнесін дизайнер алдын ала жасап алды. Ол жанынан, алдынан, артынан қарағандағы түр-әлпетін салып шықты. Бойын да өлшеді. Сондай-ақ әрбір іс-қимылын, эмоциясын, мимикасын сызба түрінде дайындап қойды. Кейін Руслан өзіне керек бейнені алып, қозғалысқа түсірді. Ол Moho деген бағдарламада Жансая салған суреттерге жан бітірді. Содан соң дайын болған анимацияны Blender атты бағдарламаға көшірдік, - деді ол.
Жоба жетекшісі Парасат Танен бұған дейін де балаларға арналған контент барысында жұмыс атқарып жүр. Ол OrdaGen жобасы аясында «Orda ертегілері» кітабын шығарды. Сондай-ақ 1000-ға жуық ертегіні қамтыған OrdaGen мобильді қосымшасын ұсынды. Енді балалар аудиториясын мультсериалмен қуантып отыр. Ол бұл мультсериал тіліміздің аясын кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.
– Кейбір туған-туыстарым мен достарымның балалары қазақ тілінде дұрыс сөйлей алмады. Өйткені көретіндері – өзге елдің анимациялық өнімдері. Өзім де әке болғандықтан, балаларымның болашағы үшін уайымдаймын. Алғаш Айбек Қуатбайдан мультфильм түсіру жайлы идея келгенде, ерекше қуандым. Тез арада команда жасақтап, жұмысқа кірісіп кеттік, - дейді ол.
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:38
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 15:25
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Түркістан облысында 300-ден астам трамадол дәрісін сатқан дәрігер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:25
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жеңіс Қасымбек Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездесті
Елорда • Бүгін, 11:55
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Бүгін, 11:34
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:50
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 10:38
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Бүгін, 00:00
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • Кеше
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • Кеше
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • Кеше
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • Кеше
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • Кеше
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • Кеше
Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының президентімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Саясат Нұрбек «Digital Almaty 2023» форумына қатысты
Қазақстан • Кеше
Таразда халықаралық деңгейдегі Аквапарк іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Президент қолөнершілер көрмесін аралады
Президент • Кеше
Бас редакторлар клубының басшылық құрамы сайланды
Қазақстан • Кеше
Биыл 149 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Сарыкемер ауылындағы жаңа емханаға барды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қостөбе ауылы тұрғынының үйіне барды
Президент • Кеше
BALQASH ALABUǴASY монеталары айналымға енді
Қаржы • Кеше
Президент ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші шаруалармен кездесті
Президент • Кеше
Алматыда еліміздің үздік ғалымдары марапатталды
Ғылым • Кеше
Ұқсас жаңалықтар