6 желтоқсан күні Ұлытау ауылдық мектебінде «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жоба білім беру сапасын арттыруға, ауыл мектептеріне үздік педагогикалық тәжірибелер мен тиімді әдістемелерді трансферттеуге және тірек мектептердің қажетті материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етуге бағытталған. Мектеп 17 ауылдық мектепті заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету жобасында алтыншы болды.
«Қазіргі таңда мектебімізде тамаша нәтижелерге қол жеткізіп, өңірдегі үздіктердің қатарынан табылу үшін барлық жағдай жасалған деп айта аламын. Жобаның арқасында біздің оқушыларымыз заманауи зертханаларда жаратылыстану ғылымдарын зерделеуге, жабдықталған шеберханаларда жаңа технологияларды талдауға, кәсіби телестудияда әлеуметтік роликтер түсіруге және т.б. мүмкіндік алды. Сонымен қатар, біз мұғалімдердің білім-біліктілігіне ерекше назар аударамыз. Мысалы, «Ауылдық аймақтарда тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» бірлескен жобасы аясында «Назарбаев Зияткерлік мектебі» базасында мұғалімдердің тәжірибеден өту бағдарламасы іске қосылды. Демек, еліміздің үздік оқу орнының тәжірибесін пайдаланып, ең мықты материалдық-техникалық базасы бар мектеп ретінде болашаққа деген өршіл жоспар құрып отырмыз», дейді мектеп директоры Төлегенова Жанар Бейсенқызы.
Жоба аясында 34 оқу кабинеттері, STEM лаборатория, логопед, арт-студия, шеберлік класстары ашылған. Сондай-ақ алдағы уақытта басқа да мектептермен онлайн тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін телестудия жасақталған.
Қаржылаундыру «Қазақстан Халқына» қоры тарапынан жүргізіліп, оған 249 825 000 теңге бөлінді. Beeline Kazakhstan компаниясы жоба доноры ретінде танылады.
Білім беруді тұрақты дамыту қорының және жоба серіктесі «Назарбаев Зияткерлік мектебі» мамандарының күшімен мектептегі білім беру ортасы мен оқыту сапасын талдау бойынша жұмыстар жүргізілді. Талдау нәтижелері негізінде мектепті дамыту, білім беру сапасын арттыру бойынша ұсыныстар жасалып, ұстаздарға қажетті біліктілік арттыру курстары белгіленді.
Педагогикалық құрамға арналған қарқынды оқыту бағдарламасы
2023 жылдың ақпанына дейін өткізіледі. Алайда бағдарлама аяқталғаннан кейін де мектеп 2025 жылға дейін үш жылдық әдіснамалық сүйемелдеуге көшеді.
«Ең алдымен, Қазақстан халқының басым бөлігі ауылдық жерде тұратынын ұмытпауымыз керек. Сондықтан ауыл оқушылары қала балалары сияқты түрлі мүмкіндікке ие болуы керек. Бүгінде біз тірек мектептерді дамытумен айналысамыз, әйткені онсыз ауыл білімін көтеру тіптен мүмкін емес. Жоба қазір Қазақстанның 17 облысын қамтиды, онда 13 000-ға жуық бала оқып, 2 000-ға жуық мұғалім жұмыс істейді», дейді Білім беруді тұрақты дамыту қорының директоры Данияр Тоқтарбаев.
Ұлытау мектебінде 400-ге жуық бала оқиды.
«Отбасымызда үш оқушы бар. Бәріміз №1 мектепте оқимыз. Егер бұрын күннің суығы, не каникул болсын, сабаққа бармағанымызға қуансақ, қазір мектепке асығамыз. Үзілісте ойнайтын үстел теннисі, футбол сияқты ойындардан бастап, кең кітапхана, кіреберісте жұмсақ дивандар қойылған. Маған қатты ұнайды. Біздің ұстаздарды ең мықты дер ем. Сондықтан болу керек, сабақты күнде қызыға оқи бергім келеді», дейді аптыға алтыншы сынып оқушысы Бейсалы Айзада.
Атап өту керек, шара «Ашық есік күндері» форматында өтті. Оған ауылдың белсенді азаматтары, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жоба демеушілері мен серіктестері қатысты.
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:38
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 15:25
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Түркістан облысында 300-ден астам трамадол дәрісін сатқан дәрігер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:25
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жеңіс Қасымбек Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездесті
Елорда • Бүгін, 11:55
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Бүгін, 11:34
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:50
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 10:38
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Бүгін, 00:00
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • Кеше
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • Кеше
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • Кеше
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • Кеше
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • Кеше
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • Кеше
Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының президентімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Саясат Нұрбек «Digital Almaty 2023» форумына қатысты
Қазақстан • Кеше
Таразда халықаралық деңгейдегі Аквапарк іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Президент қолөнершілер көрмесін аралады
Президент • Кеше
Бас редакторлар клубының басшылық құрамы сайланды
Қазақстан • Кеше
Биыл 149 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Сарыкемер ауылындағы жаңа емханаға барды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қостөбе ауылы тұрғынының үйіне барды
Президент • Кеше
BALQASH ALABUǴASY монеталары айналымға енді
Қаржы • Кеше
Президент ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші шаруалармен кездесті
Президент • Кеше
Алматыда еліміздің үздік ғалымдары марапатталды
Ғылым • Кеше
Ұқсас жаңалықтар