Жуықта Моңғол елінің Мәдениет министрлігі тарихи тұлға Шыңғыс ханның туғанына 860 жыл толу датасына орай, мемлекет көлемінде қоғамға еңбегі сіңген тұлғаларды ұлықтау жайлы рәсім өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Осы тізімге бай-өлкеліктер атынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Моңғолия спортына еңбек сіңірген қайраткер (2006), еркін күрестен әлем кубогының (1981) және әлем біріншілігінің қола медаль иегері (1986), атақты балуан Бақыт Однайұлының есімі ілініп, ардагер спортшыны ұлықтау рәсімі өтті.
Аталған шара барысында аймақтық орталық музейде балуанның спорттық өмір жолы мен қоғамға сіңірген еңбегін әйгілейтін көрме өтті. Мекеме басшысы Айшагүл Азаматқызының айтуынша, бұл реткі көрме экспозициясына балуанның әр жылдарда алған жүлделері: медаль, кубок, символдық белгілер, әлем және Олимпиада кілемдерінде белдескен фото суреттері мен үстіне киген спорттық костюмдері және әр жылдары алған марапаттары (орден, медаль, алғыс хат, диплом т.б.) барлығы 569 заттық жәдігер қойылыпты.
Оның сыртында, балуанның өткен жылдардағы спорттық шежіресін танытатын қабырға стендтерге жеткен жетістігі, сіңірген еңбегі жайлы кеңінен жазылып, бұл деректер көпшіліктің көзайымына ұсынылыпты. Осындағы деректерге көз жүгіртсек, 1954 жылы Бай-Өлке аймағының орталығы Өлгей қалашығында дүниеге келген балуан, 1971-1972 жылдардан бастап монғол ұлттық күресімен айналысып, жасөспірімдер арасындағы мемлекеттік чемпионатта жүлделі орынға ие болған. Бақыт Однайұлы орта мектепті бітіре салысымен ел астанасы Ұланбаторға аттанып, сонда еркін күрес үйірмесіне қатысады. Бір таңданарлық жағдай жаттығуға кіріскеніне жыл толмай жатып, қалалық және региондық біріншіліктерде үздік өнер көрсетіп, 1974-1975 жылдары Монғолия жастарының біріншілігінде 2 дүркін чемпион атанды. Осылай еркін күрестен тұсауы кесілген нар қазақ Монғолияның ересектер арасындағы чемпионаттардан 4 дүркін алтын, 10 дүркін күміс, 4 дүркін қола медальды еншілеп, айды аспанға шығармаса да, ағайынды аузына қаратыпты. Оның сыртында халықаралық Интернационал бәсекесінің 2 дүркін жеңімпазы және 4 рет жүлдегері атанса, «Динамо» спорт қоғамының халықаралық турнирінің 3 дүркін чемпионы, 1986 жылы «Ізгі ниет» ойындарында 4 орынға қол жеткізген екен.
«Еркін күрес түрінен бұндай биікке жеткен қазақ аз, заманында әйгілі күш иелері С.Андиев, Касимов (КСРО) Б.Баугартнер (АҚШ), А.Сандурский (Польша), А.Шрейдер (ГДР), И.Болла (Венгрия) сияқты мықтылармен белдесіп, әртүрлі жарыстардан 80-нен астам медаль алған алғашқы қазақ», дейді аймақтық спорт басқармасының бастығы Қайнар Қайсанайұлы.
Бұл жерде балуанның айта кетерлік тағы бір жетістігі қазақ күресіне қосқан үлесі. Қазіргі таңда балуан аймақтық «Қазақ күресі» федерациясын басқарады. 2006 жылы Бай-Өлке аймағында қазақ күресінен Азия чемпионатын ұйымдастырып өткізумен қатар, қазақ күресінен өтіп жатқан әлем және құрлықтық біріншіліктерге, Қазақстан Барысы, Әлем Барысы, Еуразия Барысы сияқты жобалардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысып жүр. Бақыт балуанның қазақ күресіне баптаған шәкірттері әлем чемпионатынан 2 күміс, 2 қола және Азия біріншілігінен 6 алтын, 8 күміс, 8 қола медаль еншілеген екен.
Елорда тұрғындары өткен жылы 17 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмек алды
Қаржы • Бүгін, 17:32
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:38
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 15:25
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Түркістан облысында 300-ден астам трамадол дәрісін сатқан дәрігер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:25
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жеңіс Қасымбек Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездесті
Елорда • Бүгін, 11:55
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Бүгін, 11:34
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:50
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 10:38
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Бүгін, 00:00
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • Кеше
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • Кеше
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • Кеше
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • Кеше
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • Кеше
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • Кеше
Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының президентімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Саясат Нұрбек «Digital Almaty 2023» форумына қатысты
Қазақстан • Кеше
Таразда халықаралық деңгейдегі Аквапарк іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Президент қолөнершілер көрмесін аралады
Президент • Кеше
Бас редакторлар клубының басшылық құрамы сайланды
Қазақстан • Кеше
Биыл 149 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Сарыкемер ауылындағы жаңа емханаға барды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қостөбе ауылы тұрғынының үйіне барды
Президент • Кеше
BALQASH ALABUǴASY монеталары айналымға енді
Қаржы • Кеше
Президент ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші шаруалармен кездесті
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар