Елдің басым бөлігінде ашық ауа райы күтіледі.
«Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар, көктайғақ күтіледі, оңтүстікте жел күшейеді, республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі», делінген Қазгидромет хабарламасында.