Екібастұздағы 5А шағын ауданында тұрғын үйлерді тұрақты жылумен қамтамасыз ету үшін жердің бетімен жаңадан 120 метр жерге қосқыш желі төселмек. 420 миллиметрлік құбырларды дәнекерлеуге дайындық жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Апатты жою жөніндегі штаб басшысы – ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың шешімімен 5А шағын ауданында жаңадан жалпы ұзындығы 120 метр жылу құбыры салынады.
«Бұл орамдағы желілерде зақымданулар көп кездесуі себепті белгілі бір учаскеде жаңадан желі салуға шешім қабылданды. Штаб құбырды жердің бетімен төсеуді құп көріп отыр. Осылайша бұл жердегі магистральге қосылған үйлерді жылудан уақытша ажырату көп уақытты алмайды, небәрі 5 сағатты құрайды. Мамандар есептегендей, егер жердің астымен жүргізсек, тұрғын үйлерді шамамен 20 сағаттай жылудан айыруға тура келер еді. Себебі жердің астында бұған дейін пайдаланылған құбырларды толықтай кесіп алу қажет болады. Қазір дайындық шаралары басталып кетті», деп хабарлады бүгін кешкі сағат 20.00-де Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Олег Крук.
Атап өтерлігі, қазіргі уақытта жылуға қосылмаған 6 подъезд ғана қалды. Ол Мәшһүр Жүсіп көшесі, 52-үйде орналасқан. 20 подъезден тұратын үйдің 14 подъезіндегі пәтерлердің құбырына қазір жылу жіберілді. Өзге пәтерлерді реттеуді ертең таңертеңгі 8.00-ге дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Жалпы жөндеу бригадалары Сәтбаев көшесі, №8 және Мәшһүр Жүсіп көшесі, №52-тұрғын үйлерге жылу кіргізуде үлкен қиындықтарға ұрыныпты. Себебі мұндағы барлық пәтерлердің жылу батареялары мен ішкі құбырлары аязда толықтай қатып қалған.
«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» (ОАЭК) АҚ басқарма төрағасы Бағдат Оралдың сөзінше, компания апатты қалпына келтіру шараларына қазірдің өзінде 891 млн теңге бөлген. Апат аймағында болған үйлер бойынша қараша және желтоқсан айлары үшін жылу төлемақысы қайта есептеледі.
Екібастұздағы жылу желілерінің - 91, су құбырларының - 66, кәріз жүйесінің 60 пайыздан астамы тозып тұр. Тек жылу желілері бойынша көнерген аумақтардың 30 пайызын жаңарту үшін кемінде 120 млрд теңге қаражат қажет көрінеді. «ОАЭК» бұл ретте бюджет қаражатынан дәмеленіп отыр.
Екібастұздың жағдайы оңалар емес
Аймақтар • Бүгін, 21:26
Саналы ұрпаққа арналған ұлттық жоба
Білім • Бүгін, 21:20
Жалғас – бастауыш сынып мұғалімі
Білім • Бүгін, 21:18
Саперлер кәсіби шеберлігін жетілдірді
Қоғам • Бүгін, 21:13
Қоғам • Бүгін, 21:10
Қоғам • Бүгін, 21:08
Қоғам • Бүгін, 21:00
Өнер • Бүгін, 20:59
Руханият • Бүгін, 20:55
Әннің түпнұсқа аты – «Қаракөз»
Тарих • Бүгін, 20:51
Өнер • Бүгін, 20:48
Өнер • Бүгін, 20:46
Кино • Бүгін, 20:44
Өнер • Бүгін, 20:42
Спорт • Бүгін, 20:38
Экотуризмге – айрықша көзқарас
Туризм • Бүгін, 20:36
Қысқы спорт • Бүгін, 20:34
Түсімнің көзі – туристік жарна
Туризм • Бүгін, 20:31
Бокс • Бүгін, 20:27
Рыбакина тағы да шеберлігін мойындатты
Теннис • Бүгін, 20:24
Бүйректегі тасты алудың жаңа тәсілі
Медицина • Бүгін, 20:20
Жәдігер • Бүгін, 20:14
Балғын қаламгерлер бағалы сыйлық алды
Аймақтар • Бүгін, 20:13
Теннис • Бүгін, 20:11
Спорт • Бүгін, 20:08
Хоккей • Бүгін, 20:07
Екібастұздағы ЖЭО-да сегіз қазандық жаңғыртылады
Аймақтар • Бүгін, 19:28
Бірқатар өңірде тұман түсуіне байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 19:03
Новак Джокович Аустралия Ашық чемпионатының жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 18:44
Әлібек Қуантыров Мажарстанда қазақстандық студенттермен кездесті
Экономика • Бүгін, 18:23
Астанада қандай кәсіпорындар ашылады
Елорда • Бүгін, 17:16
Димаш Құдайберген Үндістандағы кинофестивальге қатысты
Қоғам • Бүгін, 14:07
Аймақтар • Бүгін, 13:18
Павлодарға жаңа қоғамдық көліктер жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Хоккей: Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 12:10
«Астана» өз алаңында «Енисейден» жеңілді
Спорт • Бүгін, 11:53
Шымбұлақтағы рестобардан өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 11:05
Қазақстанда коронавирус жұқтыру деңгейі азайды
Коронавирус • Бүгін, 10:40
Елімізде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
Ауа райы • Бүгін, 09:37
Риддер тұрғыны 2 жасар баласын балконнан құлатып алды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар