
...ризашылығын білдіреді
Кітапхана – парасат ордасы
Тасқала аудандық кітапханасының қоры айтарлықтай бай. Іші ақындар мен жазушылар шығармаларына толы. Басқа бағыттардағы кітаптар да баршылық. Бір атап көрсетерлік жайт – мұнда жыл бойы арнаулы даталарды қамтитын оқырмандар конференциясы өткізіліп тұрады.
Осы жылдың қыркүйек айында Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Абай жолы – ұлы даланың даналығы» атты конференция тартымдылығымен ерекшеленді. Конференцияның мақсаты оқырмандарды ұлылардың өмірінен үлгі алуға шақыру, шығармашылық танымдарын толықтыру болды.
Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесіне және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Алаш арысы» атты оқырмандар конференциясының да мән-маңызы зор болды. Ұлт ұстазының мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілгені белгілі. Ал осындағы іс-шара барысында кітапханашылар Ақаңның өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталды. Конференция қонақтары «Сәулет» мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Жанат Бөлекбаев және Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Айгүл Үмбетәлиева А.Байтұрсынұлының ұстаздық жолы мен тіл саласындағы еңбектері туралы баяндама жасады. Соңынан «Тіл – ұлт белгісі, халық мұрасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл іс-шара да қатысушылар көңілінен шықты.
Аудандық кітапхана қызметкерлері 1 қазан – Халықаралық қарттар күнін жыл сайын атап өтуді дәстүрге айналдырған. Аудан орталығында тұратын мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істейтін кітапханашы Гүлжайнар Иманғалиева шақырылған қонақтарды құттықтағаннан кейін іс-шара ән мен күйге жалғасты. Мәдени демалыс орталығының қызметкерлері, «Айжұлдыз» би тобы, «Сәулет» мектеп-лицей оқушылары өз өнерлерін ортаға салды.
Оқырман қауым Тасқала аудандық кітапханасының сан қырлы қызметіне дән риза. Халық жазушысы Ә.Кекілбаев «Кітапхана – мәңгілік парасаттың ең киелі ғимараты» деп тегін айтпаса керек.
Бисенбай ӨТЕГЕНОВ,
оқырман, зейнеткер
Батыс Қазақстан облысы
...әріптесін еске алады
Өзіндік із қалдырған азамат
Биыл Сыр журналистикасына өзіндік із қалдырған баспасөз қайраткері Қалқабай Әбеновтің туғанына 100 жыл толды. Осыған орай, облыс көлемінде мерекелік іс-шаралар, шығармашылық байқау өткізілді. Бұған демеушілік жасаған ұл-қыздарына, немерелері мен дос-жарандарына жұртшылық алғысы шексіз. Қ.Әбенов 18 жылға жуық бұрынғы «Ленин жолы», қазіргі «Сыр бойы» газетінде редактор болды.
Педагог, журналист, іскер басшы, жастар ақылшысы Қалқабай Әбеновтің жастық шағы қиындықпен өтті. Ашаршылық, асыра сілтеу кезіндегі қиындықтар бала Қалқабайды шыңдай түсті. Сырдария ауданындағы бұрынғы Құмшығанақ, қазіргі «Айдарлы» ауылында ержетті. Ашаршылық зардабынан отбасы өзбек жеріне амалсыздан қоныс аударды. Ташкенттегі жеті жылдық өзбек мектебінде оқып, осындағы педагогикалық училищенің табалдырығынан аттады, орта білім алды. Ташкент облысының Қарасу ауданындағы №2 Науаи мектебінде ұстаздық жолы басталды.
18 жасар Қалқабай Әбенов 1941 жылы соғысқа аттанды. Беларусь майданында қар кешіп, мұз жастанды. Сөйтіп, елге жеңіспен оралды. Ал Әбеновтер отбасы туған жеріне соғыс аяқталар сәтте қайта көшіп келді. Майденгер аға сержант Сұлутөбедегі Орджоникидзе атындағы мектепке орналасты. Ұстаз болды. Мектеп директоры лауазымына көтерілді. 1949 жылы облыстық білім басқармасы іскер басшыны инспекторлық қызметке шақырды. Көп ұзамай облыстық партия комитетіне қызметке ауысты. Нұсқаушылық қызметтің қыр-сырына қанықты. Содан кейін Шиелі аудандық «Коммунизм жолы» газетінде редакторлық қызмет атқарып, журналистика кәсібінің шыңдалу мектебінен өтті.
Баспасөз саласының ардагері, қарымды қаламгер Қалқабай Әбенов еңбегіне орай «Халықтар достығы» орденімен, көптеген медальмен марапатталды. Талай мәрте облыстық, аудандық мәслихаттардың депутаты болды. Атында көше бар. Жақында қаладағы үлкен даңғыл бойына Қалекеңнің суреті қойылды. Өшпес із қалды деген осы болар.
Қайырбек МЫРЗАХМЕТҰЛЫ,
Қазақстанның құрметті журналисі
ҚЫЗЫЛОРДА
...ұстанымын ортаға салады
Әділдік пен шындықты ту етемін
Шын мәнінде мен осы кіммін? Жүріп келе жатқан жолым қандай? Түзу ме, қисық па? Өмірлік ұстанымым ше? Бүгін не істеп, не қойдым? Үлгергенім қайсы, үлгермегенім ше? Қоғам өміріне ағалық тұрғыдан қарай алдым ба, жоқ па? Жұрттың жетістігіне қуанып, кейбір кемшіліктерін түзетуге өз үлесімді қоса алдым ба, жоқ па?
Мен күнде өз-өзімді осындай сан сұрақтың астына аламын. Бірінші кезекте: «Осы мен ең бастысы имандылықтан аттап кеткен жоқпын ба?» деген сұраққа жауап беруді естен шығармаймын.
Имандылық тұрғысынан алып қарағанда, аға буын қоғамның жауапкершілігін әрқашан терең сезінуі керек. Шалыс басқанды жөнге салып, адасқанды өз үйіріне қоса білуі тиіс. Бірақ менің жан-дүниеме, сезім-талғамыма жақын өмірлік ұстанымым – әділдік пен шыншылдық. Бұл – менің бала кезден бойыма сіңген қасиеттер. Әкем Дәулетбай жарықтық: «Балам, әділдікті серік ете біл, шындыққа жақын жүр!» дегенді құлағыма құйып өсірді.
Хадис шарифте: «Қолыңан келсе, күніне бір жақсылық жаса, жақсыға бастар өсиет сөзіңді айта жүр!» деген емес пе! Сол айтпақшы, мен айналамдағы қоғам өміріне еш уақытта бейжай қарай алмаймын. Жақсылық көрсем қуанып, кемшілік көрсем соны түзетуге кішкентай да болса өз үлесімді қоса жүргенді қалаймын. «Барлық жетістігіміз – бірлікте!» дегенді баршамыз болып жадымызда берік сақтап, қашанда турашылдық пен шыншылдықтың жағында болайық!
Серікбай ТҰРЖАН,
Бәйдібек ауданының құрметті азаматы
Түркістан облысы
Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы басталды
Қазақстан • Бүгін, 18:09
Қызылордада қоғамдық көліктер жол апатына ұшырады
Оқиға • Бүгін, 18:01
«Қазақ газ өңдеу зауытының» директоры ауысты
Тағайындау • Бүгін, 17:49
Президент «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:35
Алматыдағы «Южный» саябағы мемлекет меншігіне өтті
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Қазақ бидайының генетикасы талқыға түсті
Ғылым • Бүгін, 16:58
Берік Беркімбаев қызметінен босатылды
Қоғам • Бүгін, 16:45
Еліміздің басым бөлігінде қар жауады
Ауа райы • Бүгін, 16:36
Астанада тас өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің көрмесі өтті
Қоғам • Бүгін, 16:25
Сирек кездесетін ауруларды анықтау мен емдеудің тәсілдері талқыланды
Медицина • Бүгін, 16:15
Филиппинде 6,1 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 16:00
Доллар бағамы 460 теңгеден төмендеді
Қаржы • Бүгін, 15:24
Үкімет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасымен кездесті
Үкімет • Бүгін, 15:13
Түркістан облысындағы үш ауданда 6 көше, 48 ауланы су басты
Оқиға • Бүгін, 15:01
Қазақстанда криптоиндустрияның алғышарттары әзірленіп жатыр
Қоғам • Бүгін, 14:55
Президент Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды
Президент • Бүгін, 14:37
Алматыда IV қысқы Жастар спорт ойындары басталды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:36
LRT жобасы қашан аяқталатыны белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 14:23
20 жыл бұрын банкротқа ұшыраған кәсіпорын қызметкерлері төлемдерін ала алмай жүр
Саясат • Бүгін, 14:09
Елордада 440-тан астам интернет-алаяқтық фактілері тіркелді
Қоғам • Бүгін, 13:51
Қоғамда «цифрлық аутизмге» шалдыққандар көбейіп келеді - сенатор
Пікір • Бүгін, 13:20
Бүгін - Қазақстан мен Еуропалық Одақ дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан күн
Қазақстан • Бүгін, 13:05
Жаңа заң жұмысшылардың құқығын қорғауға тың серпін береді
Саясат • Бүгін, 12:53
Елімізге сапасыз дәрі-дәрмектің келуін қадағалау керек - сенатор
Саясат • Бүгін, 12:43
ОСК Қазақстандағы халықаралық байқаушыларды тіркеуді бастады
Сайлау • Бүгін, 12:33
Түркістан облысында көшелер мен аулаларды су басты
Аймақтар • Бүгін, 12:27
Алматыда мемлекеттік қызметтің 96%-ы цифрлы форматта көрсетіледі
Технология • Бүгін, 12:15
DIGITAL ALMATY 2023 форумына 17 мың адам тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:11
Digital Almaty: криптобиржалардың даму перспективалары талқыланды
Қоғам • Бүгін, 12:01
Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионы атанды
Хоккей • Бүгін, 11:45
Латвия мен Қазақстан арасында жүк тасымалы артты
Қазақстан • Бүгін, 11:40
Алматыда екі автобус соқтығысты
Аймақтар • Бүгін, 11:33
Алматының «цифрлық егізі» күзде құрылады - Ерболат Досаев
Аймақтар • Бүгін, 11:32
Сенат спикері Гүлмира Кәрімованың туған-туыстарына көңіл айтты
Парламент • Бүгін, 11:25
Түркістанда жасөспірімдерге қатысты 400-ге жуық құқық бұзушылық анықталды
Қоғам • Бүгін, 11:13
Еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы бекітілді
Қазақстан • Бүгін, 11:03
ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық басталды
Қоғам • Бүгін, 10:53
KMG Kashagan B.V. бас директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:41
Алматыда DIGITAL ALMATY 2023 форумы басталды
Қоғам • Бүгін, 10:25
Қазақстан елшісі Литва Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан • Бүгін, 10:16
Ұқсас жаңалықтар