Еуразиялық даму банкінің кезекті макроэкономикалық шолуында Қазақстан ішкі жалпы өнімі (ІЖӨ) өсімінің қарқыны базалық сценарий бойынша 2023 жылы – 4,2 пайызға, 2024 жылы 4,4 пайызға жеделдейтіні айтылған.

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «EQ»
Банк сарапшыларының пайымдауынша, үкіметтің қолдау шаралары және өндіріс қуатының артуы сыртқы теріс әсерлердің салқынын сездірмеуге септеседі.
«2023 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 7,8 пайызға дейін баяулайды. Бұған әлемдік нарық тарапынан баға қысымының әлсіреуі және жаһандық жеткізу тізбегіндегі балама маршруттардың реттелуі әсер етеді. 2024 жылы тұтынушылық баға өсімі 4-6 пайызға дейін баяулайды деп күтеміз», делінеді шолуда.
Олардың есептеуінше, 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 2,8 пайыз өсім көрсеткен (2021 жылдың 9 айымен салыстырғанда). Бірінші жартыжылдықтан соң ІЖӨ өсімі 3,6 пайыздан баяулаған. Бұл өз кезегінде көптеген кен орынының жоспарлы жөндеу жұмыстарына жабылуы және Каспий құбыр консорциумы бойынша мұнай тасымалдаудағы іркілістерге байланысты.
«Сыртқы қысымға қарамастан биыл экономиканың барлық секторында өсім сақталды. Ұлттық экономика министрлігінің алдын ала бағалауы бойынша, қызмет көрсету секторындағы өсім (9 ай қорытындысы бойынша) 1,9 пайыз болды. Тауар өндірісіндегі өсім – 3,1 пайыз. Құрылыс секторында да оң өсу қарқыны байқалады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіру 6,1 пайызға ұлғайды.
«2022 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ өсімі 2,8 пайыз деңгейінде күтілуде. Сауда серіктесінің (Ресейдің) ІЖӨ-нің төмендеуі болжанғаннан гөрі терең емес деп күтілетіндіктен, болжам 0,3 пайыздық пунктке өсті», деп жазады ЕАДБ.
Аталған банктің мәлімдеуінше, инфляция жоғары қарқынмен өсуде. Әлемдік логистикалық жүйеде жаңа сын-қатерлердің пайда болуы жаһандық жеткізу тізбегіндегі проблемалардың шиеленісуіне алып келеді. Жаңа тауарларды жеткізу маршруттары қалыптастырудың бастапқы сатысында тұр. Жаһандық логистикалық дағдарыс ұзаққа созылған сипатқа ие болды. Бұл өндірушілерге қысымды күшейтеді және олардың шығындарын түпкілікті тұтынушыға ауыстыруға мәжбүр етеді. Осыған байланысты азық түліктік емес тауарлар бағасы өсуінің жеделдеуі байқалады: 2022 жылғы қазанда 17,9 пайызға дейін, 2022 жылғы қаңтарда 8,5 пайызға дейін.
Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда ішкі бағаның тым қатты көтерілуіне – бейрезиденттер тарапынан тауарлар мен қызметтерге деген сұраныстың тым жоғары өсуі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық тарифтерінің көтерілуі және білім беру ақысының қымбаттауы ең бірінші кезекте әсер етті. Импорттық тауарлардың қымбаттауы ішкі нарықтағы азық-түлік бағасының 2022 жылы қорытындысы бойынша 23,1 пайызға өсуіне алып келген.
«2022 жылдың қаңтар-тамызының қорытындысы бойынша сыртқы сауда айналымы 36,3 пайызға өсті. Экспорттың құн көлемі 50,6 пайызға артты. Бұған негізінен мұнай мен газ конденсатының тасымалы үлес қосты. Аз көлемде химия саласы, металлургия, көлік құрастыру және азық-түлік өнімдерінің де үлесі бар», дейді ЕАДБ сарапшылары.
Банк мамандарының бағалауынша, 2023 жылы ел экономикасы 4,2 пайызға дейін өседі деген болжамға негіз болып отырған басты фактор – Теңіз мұнай кен орнындағы қуаттылықтың өсуі.
«Экономиканы әртараптандыруға, еңбек нарығын қайта құруға және жеке бастаманы дамытуға бағытталған құрылымдық реформаларды іске асыру өңдеу салалары мен қызмет көрсету саласындағы өсу әлеуетін арттыруы мүмкін. ОПЕК+ келісімі шеңберіндегі міндеттемелер және әлемдік экономиканың әлсіздігі 2023 жылдың басында Қазақстанның экспортын тежеуі мүмкін. Салық-бюджет саясаты сыртқы сектор тарапынан туындайтын жағымсыз әсерлерді жұмсартуға бағытталатын болады және жоғары инфляция жағдайында ішкі тұтынушылық сұранысқа қолдау көрсетеді», деп болжам жасайды.
Ал ІЖӨ 2024 жылы 4,4 пайыз деңгейінде өседі. Бұған себеп – Теңіз мұнай кен орнының толық қуаттылықпен жұмыс істей бастауы. Сонымен қатар Ұлттық банк тарапынан базалық мөлшерлеменің төмендетілуі де несие беруге тың серпін беріп, экономикалық белсенділікті күшейтуге тиіс.
Елорда тұрғындары өткен жылы 17 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмек алды
Қаржы • Бүгін, 17:32
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:38
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 15:25
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Түркістан облысында 300-ден астам трамадол дәрісін сатқан дәрігер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:25
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жеңіс Қасымбек Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездесті
Елорда • Бүгін, 11:55
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Бүгін, 11:34
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:50
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 10:38
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Бүгін, 00:00
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • Кеше
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • Кеше
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • Кеше
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • Кеше
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • Кеше
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • Кеше
Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының президентімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Саясат Нұрбек «Digital Almaty 2023» форумына қатысты
Қазақстан • Кеше
Таразда халықаралық деңгейдегі Аквапарк іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Президент қолөнершілер көрмесін аралады
Президент • Кеше
Бас редакторлар клубының басшылық құрамы сайланды
Қазақстан • Кеше
Биыл 149 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Сарыкемер ауылындағы жаңа емханаға барды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қостөбе ауылы тұрғынының үйіне барды
Президент • Кеше
BALQASH ALABUǴASY монеталары айналымға енді
Қаржы • Кеше
Президент ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші шаруалармен кездесті
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар