Облыс әкімдігінде өткен жедел кеңесте өңірдің жылу жүйесіне қатысты бірқатар өзекті мәселе талқыланды. Сондай-ақ әлеуметтік нысандарға арзан отын биомассамен жанатын заманауи қазандықтарды орнату мәселесі сөз болды.

Таяуда ғана тағайындалған Құмар Ақсақалов өңір басшысы ретінде өзі шақырған алғашқы кеңестің жылу мәселесіне арналуы жайдан-жай еместігін атап өтіп, бұл саланың көптен бері тасада қалып қойғанын айтты. Мұның салдары енді ғана білініп жатыр. Мәселен, қыс кәріне мінбей жатып Боровской кентіндегі жылу орталығындағы негізгі қазандықтардың бірі істен шықты. Сондай-ақ Сарыкөл, Федоров аудандарындағы мектептер жылусыз қалды. 23 қарашада Арқалық қаласының жылу-энергетикалық орталығындағы №5 жылу қазандығы істен шықты, 30 қарашада Рудный қаласында магистралды су құбыры жарылды. Апаттың бәрі дер кезінде қалпына келтірілді. Алайда бұл жағдайлар өңірдің жалпы жылу жүйесін, қазандықтар мен жылу жолдарының жай-күйін жете зерделеп, кешенді жөндеу, жаңарту жұмыстарын қолға алатын уақыттың жеткеніне көз жеткізіп отыр.
– Рудныйда жылу желілерінің 62%-ы әбден тозған. Қалаға жылу беретін жылу-энергетикалық орталық Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинатының меншігінде. Мұндағы №3 жылу қазандығына әлі күнге дейін жөндеу жүріп жатыр. №5 жылу қазандығындағы жөндеу жұмыстары жыл соңында ғана аяқталады. Арқалықтың жылу құбырларының 85%-ы ескірген. Жер астындағы құбырларды ішінара жамап-жасқағанмен, жүйелі жұмыс жүргізілмеген. Арқалықтың жылу орталығын мазуттан көмірге ауыстыруды аяқтау маңызды. Бүгінде мұндағы жылу орталығында 2 қазандық көмірмен, 1 қазандық мазутпен жанады. Отпен ойнауға болмайды, бұл мәселе тікелей бақылауымда болады, – деді облыс әкімі Қ.Ақсақалов.
Жиынға қатысушыларды жылу маусымының барысы жайынан хабардар еткен облыстық энергетика және тұрғын үй құрылысы басқармасының басшысы Дәурен Асқаровтың айтуынша, биыл өңірде жылу жылдағыдай жоспарға сәйкес беріліп жатыр. Барлық нысандар жылу жүйелеріне қосылған. Жазда 48 шақырым жылу жүйесі жөнделіп, 15 шақырым су құбыры мен кәріз жүйесі жаңартылған. Қыстан қысылмай шығу үшін облысқа 465,4 мың тонна көмір қажет. Қолда 416 мың тонна көмір бар. Әлеуметтік нысандардың бәрі дерлік қатты отынмен қамтамасыз етілген.
Облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Бәйменованың айтуынша, Федоров ауданындағы орта мектептің жылусыз қалуы қазандықтың көмірден газға ауысуынан туындаған. Бұған дейін көмірмен жылытылып келген білім нысаны биыл газға көшкен. Бірақ мердігер компания құрылыс жұмыстарын кешіктіріп тапсырғандықтан, үлкен ғимаратты жылытуға осыдан 4-5 күн бұрын қосылған газ пешінің қуаты жетпей қалған.
– Бүгінгі таңда Ы.Алтынсарин мектебіндегі 16 оқу кабинетінің тек екеуінде – математика және физика кабинеттерінде ғана сынап бағанасы 17 градусты көрсетіп тұр. Қалған сыныптарда қалыпты температура 18 градустан жоғары. Сонымен қатар, Сарыкөл кентіндегі Урицкий жалпы білім беретін мектебінің жылыту жүйесінен де ақау шыққан. Бұл нысан 2017 жылдан бері Қостанай жылу тасымалдау компаниясына сенімгерлік басқаруға берілген. Тексере келгенде от жағушы өз міндетін дұрыс атқармаған. Білім ошағындағы 20 оқу кабинетінің екеуінде температура 15 градустан жоғары көтерілмейді. Осыған байланысты 5-желтоқсаннан бастап 290 адам оқитын мектеп екі ауысымдық оқуға көшті, – деді З.Бәйменова.
Облыс басшысы өңірде биоотынмен жанатын жылу қазандықтарын тәжірибеге енгізу қажеттігін айтты.
– Бұл жерде көмірмен емес, сабанмен жанатын жылу қазандықтары туралы айтып отырмын. Бүгінде мұндай тәжірибені біраз өңірлер қолданып жатыр және ол тиімді әрі көмірге қарағанда екі есе арзан отын екенін көрсетіп отыр. Түптеп келгенде, мұндай арзан отын қыруар бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді. Біз алдағы уақытта, әсіресе, әлеуметтік нысандарды биомассамен жылытуға көшуіміз керек. Мұндай қазандықтарды жасап шығаратын компаниялар Қостанайда да бар. Сөйте тұра, қолда бар мүмкіндікті пайдалана алмай отырмыз. Жылу қазандықтарын биотынға көшіру кезек күттірмейтін міндет, – деді облыс басшысы.
Жиын соңында Қ.Ақсақалов аудан және қала әкімдері мен облыстық басқарма басшыларына өздеріне тиесілі аумақтағы жылу желілерінің жұқарған тұстарын, ескірген жылу қазандықтарын анықтап, келесі жылғы бюджет есебінен қаржы қарастыру үшін тез арада нақты ұсыныс әзірлеуді тапсырды.
Қостанай облысы
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 18:31
Үкіметте автожол желісі мен көлік инфрақұрылымын дамыту шарасы қаралды
Үкімет • Бүгін, 17:55
Елорда тұрғындары өткен жылы 17 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмек алды
Қаржы • Бүгін, 17:32
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:38
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 15:25
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Түркістан облысында 300-ден астам трамадол дәрісін сатқан дәрігер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:25
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жеңіс Қасымбек Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездесті
Елорда • Бүгін, 11:55
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Бүгін, 11:34
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:50
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 10:38
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Бүгін, 00:00
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • Кеше
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • Кеше
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • Кеше
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • Кеше
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • Кеше
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • Кеше
Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының президентімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Саясат Нұрбек «Digital Almaty 2023» форумына қатысты
Қазақстан • Кеше
Таразда халықаралық деңгейдегі Аквапарк іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Президент қолөнершілер көрмесін аралады
Президент • Кеше
Бас редакторлар клубының басшылық құрамы сайланды
Қазақстан • Кеше
Биыл 149 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Сарыкемер ауылындағы жаңа емханаға барды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қостөбе ауылы тұрғынының үйіне барды
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар