04 Маусым, 2014

Қызылордада бір күнде 35 үміткер «Алтын белгіні» қорғап шықты

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

000-ENT-1

ҚЫЗЫЛОРДА. 4 маусым. Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күні Қызылорда қаласында 30 мектептің оқушылары арасынан 35 бітіруші «Алтын белгіні» қорғап шықты. Бұл туралы қалалық ішкі саясат бөлімінен хабарлады. «Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күні, яғни 2 маусымда Қызылорда қаласында 30 мектептің түлектері сынақ тапсырып, 35 түлек «Алтын белгіні» қорғап шықты», - делінген хабарламада. Ішкі саясат бөліміндегі дереккөзі сондай-ақ, екі оқушының осы күні ең жоғары 122 балл жинағанын баяндайды. Олар № 11, 136 орта мектептерді бітірушілер екен. Сол сияқты 169 оқушы 100-ден жоғары баллдың иегері атанған. Тестілеу қаладағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен «Болашақ» университетінің ғимараттарында өткізілді. «Болашақ» университетінде тест тапсырған 471 оқушының орташа балы 82,2-ні құрады. Ал Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде сынаққа қатысқан 771 түлектің орташа балы - 73,1. Бүгін, 4 маусым күні 16 мектептің түлектері білім сынында бақ сынамақ. Ержан Байтілес. Дереккөз: Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі. Фото: alashainasy.kz.