Президент • 07 Желтоқсан, 2022

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге қатысты мораторий ұзартылды

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге қатысты мораторий ұзартылды

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы»;

1-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы  1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатсын, оған мыналар қосылмайды»;

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер;».

 

2. Осы Жарлық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

          Президенті                                                     Қ.Тоқаев

 

Астана, Ақорда, 2022 жылғы 7 желтоқсан

           № 44