Қоғам • 07 Желтоқсан, 2022

Онлайн петициялар туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» және «Қазақстан Республикасының қоғамдық бақылау мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобалары («Онлайн петициялар») бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Онлайн петициялар туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Аталған актілер құқықтық жағдайлар жасау мақсатында әзірленген еді.

«Әзірленген заң жобасы – бұл барлық мүдделі тараптар, оның ішінде құрметті сарапшы, заңгерлер, құқық қорғаушылар, қоғам қайраткерлері кірген жұмыс тобының барлық мүшелерінің ұжымдық еңбегі. Заң жобалары елде қоғамдық бақылауды жүзеге асырудың тиімді жүйесін құруға мүмкіндік береді», деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі.

Мәселен заң жобасына сәйкес қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын адамдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдардың құзіреті едәуір кеңейтілді.

«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасында алғаш рет қоғамдық бақылауды жүзеге асырудың заңдылығы, жариялылығы, ашықтығы, еріктілігі мен тәуелсіздігі белгіленді.

Сонымен бірге Мәжілісте онлайн петициялар институтын енгізу мәселелері бойынша түзетулер қаралды. Онда әрбір қазақстандық арнайы платформа арқылы онлайн петициялар жасау бастамасын көтере алады.