Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2022

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Иран арасында келіссөз өтті

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тегеран қаласында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Иран Ислам Республикасы арасында еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздердің 6-раунды өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Иран арасында келіссөз өтті

Келіссөздерге Қазақстан тарапынан Сауда және интеграция және Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысуда. ЕАЭО делегациясының құрамында қатысушылар құжаттың мазмұнын және мүдделі тараптар арасындағы тарифтік мәміленің параметрлерін талқылады.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Иран арасында еркін сауда аймағын қалыптастыру және тауарлардың көптеген түрлерінің бажсыз саудасы үшін жағдайлар жасалуы мүмкін. 

Кезекті раундтың қорытындысы бойынша тараптар екі елдің нарықтарына қол жеткізудің өзара тиімді шарттарын қамтамасыз ету үшін тарифтік бөлімді оңтайландыруды қоса алғанда, келісімнің мазмұнын пысықтауды жалғастыруға уағдаласты.