Өнер • 08 Желтоқсан, 2022

Суреттегі ой сәулесі

478 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде КСРО Суретшілер одағының мүшесі Иван Стадничуктің «Репин жанымызда» деп аталған жеке көрмесі есік ашты. Экспозицияға Қазақстан бейнелеу өнерінің өрістеуіне елеулі үлес қосқан шебердің 40-тан астам көркем туындысы қойылған.

Суреттегі ой сәулесі

Суреттерді түсірген Юрий Беккер

Суретшінің кескіндеме және сәулет өнерінің ұлы ше­берлері Микеланджело мен Рафаэльге арнаған «Ол менен күш­­тірек» кенептері бірден назар аудартады. Сюжетте суретші Микеланд­желоның Ватикандағы әйгілі Сикстин капелласының төбесін бояған сәтін көрсетеді. Фрескалардың ең танымал циклін бейнелейтін шебердің қия­лына қайран қалған Рафаэль, Мике­ланд­желоның туындысына таң­да­нып тұрып: «Ол менен күш­тірек!», деп айқай салған. Осы бір сәттің әсерін барынша тірі кейіпте жеткізгісі келген Стадничук өзі пір тұтқан қос дарынның қалам қуатын, ой сәулесін жарқырата жырлайды.

смм

Өнерден өз иірімін тапқан туындыгер бейнелеу әлемінің техникасы мен теориясын қатар меңгерді. Әсіресе портрет жанры оның творчестводағы тынысын ашты. Кейіпкердің сырт кел­бетінен гөрі ішкі әлемін ақтаруға күш салатын суретші, салған адамының мінезін, болмысын көрсетуді мақсат тұтқан. Сонау алпысыншы жылдары салынған «Дәрігер қыз», «Пор­трет» секілді кенептері оны бек­зат өнердің биігіне алып шық­ты.

Көрме жетекшісі Шолпан Нұғыман Стадничук шығар­ма­шылығы әлі де те­рең зер­делеуді қажет ететінін, оның туындылары жарқын әрі әсем, көп дыбысты, адамды ой те­реңіне жетелейтін та­нымдық дүниелерге бай өнер кені деп есептейді. Акварель техникасын жан дүниесімен сезінген қылқалам шебері түс таңдауда табиғаттан берілген ішкі даусын тыңдайды. Пейзаждарының көркем әрі мәнерлі болуының бір себебі осында жатқан болар.

ттт

Иван Яковлевич Стадничук 1913 жылы Украинадағы Бер­дычев қала­сының ма­ңын­дағы Халаимгородок ауы­лын­­­да дүниеге келген. Ол Бұ­хара, Самарқанд, Ташкент қа­лаларында тұр­ған. 17 жасында жастық жалынын ұр­лаған майдан даласынан алған әсерлері шығар­машылығына көп ықпал етті. Кейбір деректерде оның суретші болуына әйгілі мүсінші Я.Ку­чиспен кездесудің әсері мол болғаны айтылады. Ташкент көркемсурет училищесін бі­тіргеннен кейін 1940 жылы И.Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтына оқуға түсіп, белгілі график-иллюс­тратор, М.Рудаковтың мек­тебінде шың­далды. 1952 жылы Ал­ма­тыға келіп, белсенді шығар­­­машылық қызмет атқар­ған ол ұзақ жылдар бойы Н. Гоголь атындағы Алматы көр­кемсурет училищесінде, Абай атын­дағы КазПИ-де сабақ берді, Қа­зақ­стан Суретшілер одағы жа­­нындағы «Жұма» көр­кем­өнерпаздар шығар­машылық акварель студиясын жүргізді.

Суретші бүкілодақтық, ре­с­пуб­ли­ка­лық көрмелердің тұ­рақты қаты­сушысы болды. Оның туындылары Ә.Қастеев атындағы ММИ қорларында, облыс­тық мұражайларда және жеке коллекция­ларда сақтаулы.

АЛМАТЫ