Қоғам • 08 Желтоқсан, 2022

Мәдени демалыс

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астаналықтар осы аптада Тәуелсіздік күні қар­саңында 30-дан аса мере­келік іс-шараны тамашалай алады.

Мәдени демалыс

Атап айқанда, 11 желтоқсан күні сағат 17.00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік акаде­мия­­­лық филармониясында «Ave MARIA» аспаптық және вокал­дық, камералық музыка концерті өтеді. «Жастар» сарайында 8 және 9 желтоқсанда сағат 20.00-де «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің қаты­суымен «2000 Hits» концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады. 10 желтоқсанда осы ғимаратта «Билеп өмір сүр» атты балалар хореографиялық байқауы өтеді.

10 және 11 желтоқсанда елор­далық цирк ағайынды Герт­нердің «DER ELEFANT» неміс циркінің бағдарламасына ша­қырады. Қойы­лым­ның басталуы – сағат 16.00-де.

Сәкен Сейфуллин мұра­жайын­да осы аптада Ахмет Бай­тұрсынұлының 150 жылды­ғына арналған «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» көрмесі өтіп жатыр. Сонымен қатар аталған мұражайдан 9-13 желтоқсан аралығында жазушы Әзілхан Нұршайықтың 100 жылдығына арналған «Әзілхан Нұршайықтың әлемі» көрмесін тамашалауға болады.

10 желтоқсанда М.Горький атындағы мемлекеттік акаде­мия­лық орыс драма театры жас ас­таналықтарды М.Бартеневтің «Ақ­шақар» ертегісіне шақырады. Ал кешке сағат 18.00-де Р.Баэрдің «Аралас сезім» мелодрамасын қояды. 9-11 желтоқсан аралығында елордалық қуыршақ театрында Г.Х.Андерсеннің өзіне аттас ертегісі негізінде А.Салаеваның «Тағы да кішкентай су перісі туралы» қойылымы көрсетіледі. «Жастар» театры бұл аптаны премье­ра­дан бастайды: 8 желтоқсанда Л.Егем­бердиеваның «Мұң» мелодрамасымен өнер көрсетеді. Ал 11 жел­тоқсанда «Алғашқы махаббат» комедиясын көрсетеді.