Елорда • 08 Желтоқсан, 2022

Елордада оқушы мектепке «мина қойылғанын» хабарлаған

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада жасөспірім полицияға мектепте «мина қойылғаны» туралы  жалған ақпарат берген, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордада оқушы мектепке «мина қойылғанын» хабарлаған

5 желтоқсанда әлеуметтік желілер мониторингі барысында Төле би көшесіндегі мектептердiң бiрiнде террористік акті болатыны туралы хабарлама анықталды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Мектеп ғимаратын тексеру барысында жарылғыш құрылғы табылмады, іс-шара эвакуациясыз өткізілді, қауіп жойылды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Астана қаласы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жалған ақпарат таратқан адамды анықтады. Ол осы мектептің 13 жастағы оқушысы болып шықты. Жасөспірім осылайша сабақ болмасын деп әзілдегенін түсіндірді. Ювеналды полицияның инспекторлары мен баланың ата-анасының көзінше жасөспіріммен бұдан былай мұндай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді. Заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданады.