Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов Мәжіліс жанынан құрылған Қоғамдық палатаның алғашқы отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиынды ашқан Мәжіліс Төрағасы бүгінде елімізде Президент бастамасымен азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтетін ауқымды саяси реформалар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Осы орайда билік пен қоғам арасындағы ашықтық пен өзара сенімге негізделген қарым-қатынастың жаңа саяси мәдениеті қалыптасуда және мұнда Парламенттің орны ерекше.
– Мемлекет басшысы қоғамдық пікірталас әлеуметтік желілер мен алаңдарда емес, Парламент қабырғасында болуы қажет екенін айтқан еді. Бұған Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата септігін тигізуі керек. Дәл осында депутаттар қараған заң жобалары азаматтардың өтініштерін ескере отырып, тәуелсіз, кәсіби қоғамдық сараптамадан өтуге тиіс, – деді Е.Қошанов.
Мәжіліс Төрағасы Қоғамдық палатаның жұртшылықпен тікелей диалог құруына, ең көп талқыланып жатқан мәселелер бойынша депутаттардың халықпен кері байланыс орнатуына мүмкіндік беретінін айтты.
Ерлан Қошанов палатаның күн тәртібі азаматтардың ең өзекті мәселелерін ескере отырып қалыптасуы керек екеніне баса мән берді.
Осыған орай жұмыс жоспарына Әлеуметтік кодекс, жергілікті өзін-өзі басқару, меншік иелерінің бірлестігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беруді дамыту туралы заң жобаларын енгізуді ұсынды.
Саяси шолушы, Қоғамдық палата төрағасының орынбасары Никита Шаталов бүгінде қоғамдық-саяси кеңістіктің қарқынды өзгеріп жатқанын атап өтті.
– Қазір әр адам өз мүмкіндіктеріне деген сенімін жоғалтып алмайтындай жұмыс істеуіміз керек. Қоғам, әсіресе, жастар өте белсенді. Олар өз мүдделерін білдіруді, қоғамдық-саяси жұмыстарды жүргізуді тез үйренеді. Қоғамдық палата да өз жұмысында осыны көрсетуі керек, – деді Н.Шаталов.
Ал саясаттанушы Ғазиз Әбішев мемлекеттік шешімдерді қабылдау жүйесінің өзгеруіне ықпал ететін қазіргі заманның сын-қатерлеріне назар аударды.
– Қазір мәселелерді ақылдасып, кеңесіп шешу тұжырымдамасының өзектілігі артып келеді. Мұндай қоғамдық кеңестерді республикадан бастап, өңірге дейін барлық деңгейде құру қажеттілігі ғылыми түрде дәлелденген. Қоғамдық палата қысқа уақытта тарап кетпей, ұзақ жылдар бойы қызмет етеді деп сенемін, – деді саясаттанушы.
Жиынға қатысушылар Қоғамдық палатаның қызметі мен жоспарларына қатысты өз ұсыныстарын айтып, сөз сөйледі.
Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасының жұмысына тоқталды.
Қоғамдық палатаның құрамына 37 мүше – Мәжіліс депутаттары, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың және сарапшылар қоғамдастығының өкілдері кіреді. Оның құрамы алты айда бір рет ротациялау арқылы жаңартылып отырады.
Саяси додаға мониторинг жүргізіледі
Үкімет • Бүгін, 00:14
Үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы
Қазақстан • Бүгін, 00:13
Еңбек тәртібін реттейтін құжат
Үкімет • Бүгін, 00:11
Саясат • Бүгін, 00:08
Партия филиалдарының ұйымдастыру жұмысы
Сайлау • Бүгін, 00:05
Елеусіз қалған елді мекендер көгілдір отынға жарымай отыр
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
«Digital Almaty» халықаралық форумы басталды
Форум • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қаржы • Кеше
Әдебиет • Кеше
Ділгір құралға қол жеткізудің жолы
Қоғам • Кеше
Азық-түлік бағасы ырыққа көнбей тұр
Сауда • Кеше
Ерекше перзентті оңалту да, оқыту да оңай емес
Отбасы • Кеше
Арнайы білім мекемелеріндегі ахуал
Білім • Кеше
Өңірлік университеттегі өмірлік дау
Университет • Кеше
Халық • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қоғам • Кеше
Келешектің инновациялық бағдары
Бағдарламалар • Кеше
Теннисшілердің төртінші мүмкіндігі
Теннис • Кеше
Егемен Қазақстан • Кеше
Әбігерге түсірген толассыз жауын
Төтенше жағдай • Кеше
Спорт • Кеше
Хоккей • Кеше
Өзбек тіліндегі қазақтың 100 өлеңі
Өнер • Кеше
Кино • Кеше
Әдебиет • Кеше
Алматыда мейрамхана аспаздары есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Елордада есірткі қылмысына қарсы акция өтті
Елорда • Кеше
Шымбұлақ шатқалында сайға құлаған жігіт құтқарылды
Қоғам • Кеше
Астанада өнеркәсіп қалай дамып жатыр?
Елорда • Кеше
Цифрлы технологияларды енгізетін кәсіпорындардың шығыны өтеледі
Технология • Кеше
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысынан фоторепортаж
Фотогалерея • Кеше
Ұқсас жаңалықтар