Адамның болашағына ашылған алғашқы жол сияқты өмір сынағынан кімнің сүрініп, қапы қалғысы келеді дейсің? Мәреге әркімнің де бәрінен бұрын жетуге талпынуы заңды нәрсе. Мамандығың – өмір бойғы серігің. Дәл қазір сынақ пен сұраққа тағдырыңның өзі көп тәуелді болып тұр. Лүпілдеген жүректер, арманға қол созған өрендер болашақ үшін жанұшырып, жандарын сала жарысқа түскен. «Бақ шаба ма, бап шаба ма?» демекші, маусымның 3-і күнгі сынаққа түскен 17351 түлектің дүбірлі додасы еліміздегі басты білім сынағы жоғары деңгейде ұйымдастырылып отырғанын көрсетіп берді. Алдын ала сынақ талаптарына лайықталып әзірленген 60 тест тапсыру пунктіндегі маңдайдан тер тамшылап, арқаны намыс қамшылаған білім сыны ҰБТ мәдениетіне біздің де жастарымыздың ой-өресі төселіп келе жатқанын байқатты.
Биылғы көрсеткіш бойынша 2 012 түлектің (11,6%) 100-ден астам балл жинауы осы айтылғандарды растай түсетін айғақ. Өйткені, бұл сан өткен жылғымен салыстырғанда білімге бетбұрыстың біршама жақсара бастағанын аңғартады. Мысал үшін айтатын болсақ, былтыр мұндай нәтижеге 1 837 (8,4%) талапкер қол жеткізген болатын. Екінші күнгі ҰБТ балының орта есеппен алғанда 75,7-ні құрауы жылдан-жылға сынаққа дайындық деңгейінің өсіп келе жатқанын аңғартатын тағы бір дәлел. Ресми деректерге сүйенсек, былтырғы орташа көрсеткіш 73,9 балға тірелген еді. Білім сапасын айқындайтын келесі бір өлшемнің жөн-жосығы қашанда бөлек әңгімеге арқау болып жататыны рас. Ол – көшке ілесе алмай, шаң қауып артта қалып қоятындар жайы. Мұндайлар да былтырғыға қарағанда біршама кеміген, мәселен, 2013 жылы ондайлар 6 895 (31,7%) адамды құраса, ең төменгі 50 балдық межеден биыл 3 883 (22,4%) өрен өте алмай қалған.
ҰБТ талабы мен ережелеріне нұқсан тигізетін түрлі тәртіп бұзушылықтар туралы жыл сайын айтылып та, жазылып та жүр. Мұндай өрескелдіктер биыл да бой көрсетіп қалды. Үш талапкер тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып жіберілді. Тест тапсырушыларды тексеріс барысында олардан 2 307 ұялы телефон, 2 641 шпаргалка, 83 калькулятор, 13 фотоаппарат, 4 рация, 2 блютуз, 1 қол сканері, тіпті, 1 кеңсе пышағы табылған. Бұл ҰБТ тұсында жыл да алдан шығып жататын таныс әуен. Мектеп бітірушілердің залға өзімен бірге алып кіруіне тыйым салынған заттар күні бұрын ескертілгеннің өзінде ондай келеңсіз көріністер жыл сайын қайталанады. Неге? Ендеше, жауын-жауынның арасынан айласын асырып, өтіп кететін пысықайлар жоқ емес деген пайым шындыққа жанасатын сияқты. Абай не деді? «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген жоқ па? Біз де әр түлектің сынаққа өзінің күшіне өзі сеніп түсуін, білімді өзінің таза еңбегімен алуын тілейміз. Білім жолы жазылмаған ақ парақ қой. Сол таза параққа түсетін алғашқы әріптер жалғандықпен емес, түзу қалыпта, шын кейіпте кескінделсе дейміз.
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше