Қазақстан • 09 Желтоқсан, 2022

Қазақстанның бірнеше елдегі елшілері тағайындалды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Литва, Албания және Болгариядағы Елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстанның бірнеше елдегі елшілері тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Виктор Валерийұлы Темірбаев Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Тимур Бейбітәліұлы Оразаев Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Бүгін сондай-ақ Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин тағайындалды. Ол ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылды.