Үкімет • 09 Желтоқсан, 2022

Үкімет басшысы «KAZAKH INVEST» Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет басшысы «KAZAKH INVEST» Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Отырыста 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары, Корпоративтік басқару кодексінің жобасы, сондай-ақ Директорлар кеңесіне есеп беретін қызметтердің кейбір мәселелері қаралды.

Осы жылы «KAZAKH INVEST» қолдауымен жалпы сомасы $4,1 млрд-қа шетелдіктердің қатысуымен 45 жоба пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Инвесторларды сервистік қолдау шеңберінде Ұлттық компания 1952 өтініш өңдеп, инвесторлардың қызметіне қатысты визалық мәселелер, инвестициялық преференциялар және заңнама бойынша консультациялар берген.

Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша шетелдік компаниялар үшін Қазақстан өңірлеріне 212 іс-сапар ұйымдастырылды, олардың шеңберінде салалық министрліктермен, әкімдіктермен, квазимемлекеттік сектормен, қаржылық даму институттарымен, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлермен кездесулер өткізілді.

Сонымен қатар 13 ірі инвестициялық іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.