Оқиға • 09 Желтоқсан, 2022

Маңғыстауда мас жүргізуші жол апатын жасады

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 желтоқсанда Ақтау-Жетібай тасжолының 67-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда мас жүргізуші жол апатын жасады

Lexus RX жүргізушісі патрульдік көліктің артқы жағынан соққан. Қақтығыс кезінде полицейлер өзге зақымданған Audi көлігін Shachman жүк көлігінің көмегімен эвакуациялап жатқан.

Lexus RХ жүргізушісі кейін инерциямен Shachman жүк көлігімен де соқтығысқан.

Апат салдарынан зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.

«Медициналық куәландыру нәтижесі көрсеткендей, кінәлі жүргізуші жеңіл дәрежеде алкогольдік масаң күйде болған. 59 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жолданды», деп жазылған Рolisia.kz таратқан хабарламада.