Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Іс-шараға партия Төрағасы Ерлан Қошанов, өңірлік саяси кеңес мүшелері, мәслихаттардағы «AMANAT» депутаттық фракциясының мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының басшылары, облыстық партия активі қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Конференция жұмысын аша отырып, «AMANAT»-тың Төрағасы алдағы сайлау науқаны кезеңіндегі партиялықтардың алдында тұрған бірқатар басым міндеттерді айқындап берді.
«Сайлауы өзгеше саяси тәртіпте, жаңа ереже бойынша өтеді. Сондықтан сайлау кампаниясының стратегиясын қазірден дайындап алуымыз қажет. Өткен Президенттік сайлау кезінде бізге халықтан 51 мың ұсыныс пен тілек келіп түсті. Соның 3 мыңнан астамы Түркістан облысының халқынан жиналды. Тұрғындарды жалақының төмендігі, тұрғын-үй мәселесі, жұмыссыздық қатты алаңдатады. Сондықтан аталған мәселелер сайлауалды тұғырнамада көрініс табуы керек», деді партия Төрағасы.
Партия Төрағасы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын, бастауыш партия ұйымдары мен қоғамдық қабылдау бөлмелерін азаматтардың мәселелерін шешу үшін жұмылдыру маңызды екенін атап өтті.
«Біз өз сайлаушыларымызбен және жақтастарымызбен әрдайым тығыз байланыста болуымыз керек. «AMANAT» партиясы – ел Президентінің қоғамдық тірегі. Оның өңірлік желілері де, Мәжілістегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттар саны да көп. Аманаттықтар әрқашан алдыңғы қатардан табылады», деді Ерлан Қошанов.
Ол Екібастұздағы төтенше жағдай кезінде волонтерлер мен партия белсенділері алғашқы күннен бастап қала тұрғындарына гуманитарлық көмекті таратуға атсалысқанын атап өтті. Тұрғындарға жылытқыштар, жылы көрпелер және бірінші кезекте қажетті заттар табысталды. Екібастұздықтарға көмек көрсету жұмысы жалғасып жатыр.
«Зардап шеккен отбасылардың баспаналарында жөндеу жұмыстары басталады. Осы кезде Екібастұздағы балаларды еліміздегі, соның ішінде Түркістан облысындағы шипажайларға жіберуге де болады деп санаймын. «AMANAT» партиясы 1300-ден астам оқушының қысқы каникул уақытында елдегі демалыс кешендеріне баруына жағдай жасайды», деді Ерлан Қошанов.
Ол сондай-ақ партиялықтар жастармен жұмыс істеуге ерекше назар аударуы тиіс екенін атап өтті. Жастар қатарына кіретін азаматтардың жасын 35 жасқа дейін ұлғайтуды көздейтін жастар саясаты туралы жаңа заң жобасын ескере отырып, бұдан былай сайлаушылардың 40%-дан астамы осы санатқа жататын болады.
Сонымен қатар, аймақтардағы аманаттықтар тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсартуға бағытталған партиялық жобаларды іске асыру жұмысын күшейтуі тиіс. Олардың қатарында «Жер аманаты», «Ауыл аманаты» және т.б. жобалар бар.
Конференция барысында филиалдың жаңа төрағасы сайланды.
Осылайша, конференция жұмысына қатысқан делегаттар ашық дауыс беру арқылы Алтынсары Үмбетәлиевті «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының жаңа басшысы ретінде сайлады. Ол бұған дейін Шымкент университетінің «Экономика» кафедрасының профессоры қызметін атқарды. Сондай-ақ ол экономика ғылымдарының докторы.
Қоғам • Бүгін, 21:00
Өнер • Бүгін, 20:59
Руханият • Бүгін, 20:55
Әннің түпнұсқа аты – «Қаракөз»
Тарих • Бүгін, 20:51
Өнер • Бүгін, 20:48
Өнер • Бүгін, 20:46
Кино • Бүгін, 20:44
Өнер • Бүгін, 20:42
Спорт • Бүгін, 20:38
Экотуризмге – айрықша көзқарас
Туризм • Бүгін, 20:36
Қысқы спорт • Бүгін, 20:34
Түсімнің көзі – туристік жарна
Туризм • Бүгін, 20:31
Бокс • Бүгін, 20:27
Рыбакина тағы да шеберлігін мойындатты
Теннис • Бүгін, 20:24
Бүйректегі тасты алудың жаңа тәсілі
Медицина • Бүгін, 20:20
Жәдігер • Бүгін, 20:14
Балғын қаламгерлер бағалы сыйлық алды
Аймақтар • Бүгін, 20:13
Теннис • Бүгін, 20:11
Спорт • Бүгін, 20:08
Хоккей • Бүгін, 20:07
Екібастұздағы ЖЭО-да сегіз қазандық жаңғыртылады
Аймақтар • Бүгін, 19:28
Бірқатар өңірде тұман түсуіне байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 19:03
Новак Джокович Аустралия Ашық чемпионатының жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 18:44
Әлібек Қуантыров Мажарстанда қазақстандық студенттермен кездесті
Экономика • Бүгін, 18:23
Астанада қандай кәсіпорындар ашылады
Елорда • Бүгін, 17:16
Димаш Құдайберген Үндістандағы кинофестивальге қатысты
Қоғам • Бүгін, 14:07
Аймақтар • Бүгін, 13:18
Павлодарға жаңа қоғамдық көліктер жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Хоккей: Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 12:10
«Астана» өз алаңында «Енисейден» жеңілді
Спорт • Бүгін, 11:53
Шымбұлақтағы рестобардан өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 11:05
Қазақстанда коронавирус жұқтыру деңгейі азайды
Коронавирус • Бүгін, 10:40
Елімізде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
Ауа райы • Бүгін, 09:37
Риддер тұрғыны 2 жасар баласын балконнан құлатып алды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Әскери қызметші қарт кісіні өрттен құтқарып қалды
Қоғам • Кеше
Қазақстан мен Мажарстан екіжақты ынтымақтастықты нығайтады
Экономика • Кеше
Ұқсас жаңалықтар