Түркістанда «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы басталды. Екі күнге жоспарланған дүбірлі дода ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орайластырылып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Аламанның ашылуында сөз сөйлеген «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов ел бірлігінің және ұлт тұтастығының мәні мен маңызына тоқталып, осы жолда басын бәйгеге тіккен Ахмет Байтұрсынұлының айрықша рөлі мен ерен еңбегін атап өтті.
«Киелі Түркістан топырағында аламан айтыстың шымылдығын ашып отырмыз. «АMANAT» партиясы руханият пен мәдениетке жан-жақты қамқорлық жасап келеді. Соның бір айғағы – ұлтымыздың бойтұмарына айналған осы айтыс», деді Ерлан Қошанов.
Әрине, жаһандану дәуірінде ұлт болмысын, оның дара дәстүрін, қаймағы бұзылмаған төл өнерін сақтап қалу оңай емес. Бұл ретте, «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасында ұлттық өнеріміз кеңінен насихатталып, оған жан-жақты жағдай жасалатыны айқын жазылған.
«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміз жаңа дәуірге, әділетті Қазақстанға қадам басты. Қоғам өзгеріп жатыр. Осы оң өзгерістерді болашаққа ақындарымыз жеткізеді деп ойлаймын. Бүгін орамды ойларды, аталы сөздерді естиміз деген сенімдемін», деп атап өтті Ерлан Қошанов.
Партия төл тарихымызды дәріптеу, руханиятымызды жаңғырту бағытындағы бастамаларды әрі қарай да жалғастыра береді. Осы уақыт аралығында саяси ұйымның тікелей қолдауымен елімізде 100-ге жуық республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылды.
Өз кезегінде, айтыстың тізгінін ұстаған ақын, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай бүгінгі ұрпақ ұлы тұлғаның кемеңгер ойлары арқылы тәрбиеленетінін жеткізіп,көзіқарақты көрерменге қазылар алқасының құрамы мен сынға түсетін ақындарды таныстырды.
Осылайша, түркі әлемінің рухани астанасында өтіп жатқан сөз сайысында қазылар алқасына көрнекті өнер қайраткері, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері – Асанәлі Әшімов төрағалық етеді. Сонымен қатар, қазылар алқасының құрамында ақын, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері Ғалым Жайлыбай, Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп, ақын, «Отан» орденінің иегері Светқали Нұржан,Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков,ақын, Қадыр Мырза Әлі атындағы Батыс Қазақстан облыстық «Мәдениет және өнер» орталығының директоры Бауыржан Қалиолла сынды мәдениет және тарландары бар.
Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған сөз барымтасында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 18 ақын өзара бақ сынауда. Олардың арасында «Алтын домбыра» иегері Рүстем Қайыртай, халықаралық, республикалық айтыстарда топ жарып жүрген Төлеген Жаманов, Еркебұлан Қайназаров, Біржан Байтуов және т.б. ақындар бар. Ал кіл мықтыдан кім мықты шығары ақтық сында анықталады.
Екібастұздың жағдайы оңалар емес
Аймақтар • Бүгін, 21:26
Саналы ұрпаққа арналған ұлттық жоба
Білім • Бүгін, 21:20
Жалғас – бастауыш сынып мұғалімі
Білім • Бүгін, 21:18
Саперлер кәсіби шеберлігін жетілдірді
Қоғам • Бүгін, 21:13
Қоғам • Бүгін, 21:10
Қоғам • Бүгін, 21:08
Қоғам • Бүгін, 21:00
Өнер • Бүгін, 20:59
Руханият • Бүгін, 20:55
Әннің түпнұсқа аты – «Қаракөз»
Тарих • Бүгін, 20:51
Өнер • Бүгін, 20:48
Өнер • Бүгін, 20:46
Кино • Бүгін, 20:44
Өнер • Бүгін, 20:42
Спорт • Бүгін, 20:38
Экотуризмге – айрықша көзқарас
Туризм • Бүгін, 20:36
Қысқы спорт • Бүгін, 20:34
Түсімнің көзі – туристік жарна
Туризм • Бүгін, 20:31
Бокс • Бүгін, 20:27
Рыбакина тағы да шеберлігін мойындатты
Теннис • Бүгін, 20:24
Бүйректегі тасты алудың жаңа тәсілі
Медицина • Бүгін, 20:20
Жәдігер • Бүгін, 20:14
Балғын қаламгерлер бағалы сыйлық алды
Аймақтар • Бүгін, 20:13
Теннис • Бүгін, 20:11
Спорт • Бүгін, 20:08
Хоккей • Бүгін, 20:07
Екібастұздағы ЖЭО-да сегіз қазандық жаңғыртылады
Аймақтар • Бүгін, 19:28
Бірқатар өңірде тұман түсуіне байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 19:03
Новак Джокович Аустралия Ашық чемпионатының жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 18:44
Әлібек Қуантыров Мажарстанда қазақстандық студенттермен кездесті
Экономика • Бүгін, 18:23
Астанада қандай кәсіпорындар ашылады
Елорда • Бүгін, 17:16
Димаш Құдайберген Үндістандағы кинофестивальге қатысты
Қоғам • Бүгін, 14:07
Аймақтар • Бүгін, 13:18
Павлодарға жаңа қоғамдық көліктер жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Хоккей: Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 12:10
«Астана» өз алаңында «Енисейден» жеңілді
Спорт • Бүгін, 11:53
Шымбұлақтағы рестобардан өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 11:05
Қазақстанда коронавирус жұқтыру деңгейі азайды
Коронавирус • Бүгін, 10:40
Елімізде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
Ауа райы • Бүгін, 09:37
Риддер тұрғыны 2 жасар баласын балконнан құлатып алды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар