Ауа райы • 10 Желтоқсан, 2022

Ертең Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертең Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

Қызылорда облысында 11 желтоқсан таңертең және күндіз орталықта солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Қызылордада солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында төмен қарлы боран болады. Батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Жалаңашкөл ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында төмен қарлы боран. Солтүстіктен соғатын жел облыстың батысында 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында төмен қарлы боран. Күндіз облыстың шығысында батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Оңтүстікте, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында тұман күтіледі. Күндіз тау асуларында төмен қарлы боран болады. Күндіз таулы аймақтарда солтүстік-шығыстан жел соғады.