Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2022

Құрмет төрінде – қос тұлға

324 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Павлодар педагогикалық университетінде көрнекті ғалым, атақты археолог Әлкей Марғұланның бюсті мен академик Әбікен Бектұров атындағы оқу аудиториясы ашылды. Осылайша, университет ұжымы 60 жылдық мерейтойын игілікті істермен қарсы алды.

Құрмет төрінде – қос тұлға

Жуықта бұл университетке Әлкей Марғұлан­ның есімі бе­рілгенін атап өткен абзал. Шараға Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуа­ныш Ерғалиев, Ә.Мар­ғұланның ұрпағы Данель Әл­кей­қызы қатысты.

–Бүгін Павлодар педа­го­гикалық университетінің ұжы­мы үшін тарихи сәт. Жа­қында білім ордасына академик, көр­некті тарихшы ғалым Әлкей Марғұланның есімі берілген болса, бүгін оқу ордасының тө­рінде бюсті ашылды. Бұл оқу ор­нының ұжымы үшін жо­ғары мәртебе және үлкен жа­уап­кершілік, – деп атап өтті Қуа­ныш Асыл­ханұлы.

Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, академик Ә.Бектұровтың құрметіне ар­налған аудиторияның ашы­луы да елеулі оқиға саналады. Т­ірісінде дүние жүзін мо­йын­­­датқан ғалым Баянауыл ауда­нының тумасы. Техника ғы­лым­дарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым ака­демиясының академигі болды. Кеңес өкіметі тұсында АҚШ-та өте ауқымды, дүние жүзінің ғалымдарын қамтыған ғылыми энциклопедия жарық көрді. Сол энциклопедияға кеңес елі­нен бар-жоғы 10 ғалым енсе, соның бірі – жерлесіміз Әбікен Бектұров.

«Әбікен Бектұрұлы менің әкем іспетті болып кеткен кісі еді. Кезінде көзін көріп, ақыл-кеңесін тыңдадық. Менің бала кезімде ағасы Хамзе Бек­тұровпен жақын араластық. Сол кезде Әбікен ағасының үйіне жиі келетін. Ал бүгін уни­верситет қабырғасында арнайы аудитория ашылуының куәсі болдық. Бұл біздің әу­летіміз үшін үлкен мәртебе. Оқу орнының ұжымына алғыс білдіремін», деді академиктің туысы Сайлау Тәжібаев.

Атап өтерлігі, мұнда «Өне­гелі тұлғалар» атты кітаптар се­риясының кезекті жинағының тұсау­кесері өткізілді. Бірінші серияда 11 тұлғаға ар­налған кі­таптар жарық көрген болса, осы жолғысы 6 ғалымға ар­нал­ды.

 

Павлодар облысы