АСТАНА. 5 маусым. Еуразиялық интеграция үдерісі энергетика саласының өркендеуіне ерекше басымдық береді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстар жыл сайын артып келеді. Әсіресе, энергетика, ғарыш, мәдени-гуманитарлық салалар бойынша әріптестік жақсы жолға қойылған. Мәселен, «Еуразиялық энергетикалық корпорация» акционерлік қоғамы ресейлік серіктестерімен тығыз байланыс орнатқан.
«Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» ақ президенті Абдуазим Рустамбаев: «Интеграция – уақыт қажеттілігі. Әлемдік экономикаға косылу, ортақ нарықта шыңдалу барлық елдер үшін де маңызды. Осы тұрғыдан келгенде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің алдына биік мақсаттар қойды. Яғни, Еуразиялық экономикалық одақ құру арқылы еуразиялық интеграция жолына түсу біздің еліміз үшін жаңа тарихи үдерістің бастауына айналды», – деді.
Абдуазим Рустамбаевтың айтуынша, қазіргі кезде «Еуразиялық энергетикалық корпорация» акционерлік қоғамы Мәскеуден бастап, Санкт-Петербург, Сызрань, Белгород, Екатеринбург, Подольск, Чебоксары және басқа қалалардың зауыттарымен өндірістік серіктестік байланыста. Олардың арасында түрлі жабдықтар жасайтын Урал зауыты, «ТяжМаш» ААҚ, «БелЭнергоМаш» ААҚ, «Эмерсон» ЖШҚ, «Мосэлектрощит» ААҚ, «Альстом пауэр ставан» ЖАҚ, «НПО «ЭлСиб» ААҚ бар.
Естеріңізге сала кетейік, «Еуразиялық энергетикалық корпорация» акционерлік қоғамы ENRC құрамындағы (ERG еншілес компаниясы) электр энергиясымен жабдықтаушы ірі кәсіпорындардың бірі. Елімізде өндірілетін электр энергиясының 17 пайызы осы компанияның үлесінде.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: Ortcom.kz.
• 05 Маусым, 2014
Еуразиялық экономикалық одақ елімізді дамудың даңғыл жолына бастайды

Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Бүгін, 11:02
Қалдықты кәсіп көзіне айналдырды: Ауыл тұрғыны ерекше экологиялық жобаны іске асырды
Қоғам • Бүгін, 10:10
«Травиата» тағы да таңғалдырды
Театр • Бүгін, 09:55
Жәдігер • Бүгін, 09:45
Бокс • Бүгін, 09:40
Мирас • Бүгін, 09:35
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30
Солтүстік спортындағы соны серпін
Спорт • Бүгін, 09:25
Балалар құқын қорғайтын басқарма
Шымкент • Бүгін, 09:20
Миранда қағидасы «Үндемеуге құқыңыз бар»
Құқық • Бүгін, 09:15
Классикалық үлгіге қосылған еңбек
Әдебиет • Бүгін, 09:10
Руханият • Бүгін, 09:05
Қазақша сөйлейтін ЖИ: ISSAI зертханасындағы бір күн
Ғылым • Бүгін, 09:00
Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55
«Отандық ғарыш саласының жоспары ауқымды»
Сұхбат • Бүгін, 08:50