Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2022

Қазақстандық Дэвид Чарлин Junior Eurovision байқауында өнер көрсетті

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық 12 жастағы әнші Дэвид Чарлин 11 желтоқсан күні Ереванда өткен «Junior Eurovision 2022» халықаралық байқауында 15-інші орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық Дэвид Чарлин Junior Eurovision байқауында өнер көрсетті

Байқауда Қазақстан өкілі «Жер-Ана» әнімен өнер көрсетті. Шығарма ағылшын және қазақ тілдерінде орындалды.

Ұлттық қазылар алқасының дауыс беруі және онлайн-дауыс беру нәтижесі бойынша қазақстандық азамат 47 ұпай жинап, 16 қатысушы елдің арасынан 15-орынға тұрақтады. Онлайн дауыс беруге 178 елдің тұрғыны қатысты.

Ал «Junior Eurovision» байқауының бас жүлдесін «Oh Maman» әнін орындаған Франциялық Лиссандро жеңіп алды. Ол 203 дауыс жинады. Екінші орында Армения (180 ұпай). Үздік үштікті Грузия аяқтады (161 ұпай).