Қоғам • 12 Желтоқсан, 2022

Автокөліктерді заңдастыру: Үкімет ақпараттық жұмысты дұрыс жүргізген жоқ

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында аталған мәселе төңірегіндегі ақпараттандыру жұмыстарына халықтың көңілі томағанын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Автокөліктерді заңдастыру: Үкімет ақпараттық жұмысты дұрыс жүргізген жоқ

«Біз шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру туралы шешім қабылдадық. Алайда Үкімет ақпараттық жұмысты дұрыс жүргізген жоқ. Соның кесірінен, жұрт бұл науқан қалай жүргізілетінін білмей, әуре-сарсаңға түсіп жүр. Нақты қандай көліктерді заңдастыруға болатынынан да хабарсыз. Мұндай маңызды мәліметтер азаматтарға қолжетімді болуға тиіс және оны сенімді ақпарат көздерінен алуы қажет. Елді алаңдатып, дүрбелең туғызбау үшін Үкімет мұның бәрін тұрақты түрде халыққа қарапайым тілмен түсіндіріп отыруы керек», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.