05 Маусым, 2014

Павлодар облысында бірқатар жаңа әкімдер тағайындалды

435 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
egemen03АСТАНА. 5 маусым. Павлодар облысында 3 ауданға жаңа әкім тағайындалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Президент әкімшілігінің келісімімен, Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың қаулысымен Ақсу қалалық мәслихатының кезектен сессиясының барысында Ақсу қаласының жаңа әкімі болып Қайрат Нүкенов бекітілді. Қайрат Теміршотұлы 1970 жылдың 15 қыркүйегінде Палодар облысы Железинский ауданының Захаровка ауылында туған. Жоғары білімді. Сібір мемлекеттік автомобиль-жол академиясын, П.А.Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университетін бітірген, мамандығы – экономист және ғалым-агроном. Қ.Нүкенов еңбек жолын Железинский ауданының  «Железинский» кеңшарының №2 бөлімінде жұмысшы болып бастаған. 1992 жылдан шағын және орта бизнес кәсіпорындарына жетекшілік еткен. 2012 жылы Павлодар облысы Железинский ауданының әкімі болды. Ал осы тағайындауға дейін Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасын басқарып келді. Сонымен бірге, Павлодар облысы  Май және Ақтоғай аудандарына да жаңа әкімдер тағайындалды. Май ауданына Бегзия Зейноллақызы Ысқақова әкім болып бекітілді. Бегзия Зейноллақызы 1961 жылы 4 ақпанда Ресей Федерациясы Нововаршавский ауданының Ермак ауылында туған. 1985 жылы Павлодар педагогикалық институтын бітірген. Мамандығы – орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі. Еңбек жолын Павлодар облысының Красноутский мектеп-интернатының тәрбиешісі болып бастаған. 1987-2002 жылдар аралығында мұғалім, мектеп директорының орынбасары, мектеп директоры қызметтерін атқарған. 2002 жылдан мемлекеттік қызметте. Ол Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары, Ақтоғай ауданының білім беру бөлімінің бастығы болды. Ал осыған дейін Ақсу қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді. Сондай-ақ, Ақтоғай ауданының әкімі болып Серік Барлыбайұлы Батырғожинов тағайындалды. Серік Барлыбайұлы 1964 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданының Котельниково ауылында туған. 1993 жылы агроном мамандығы бойынша Целиноград ауыл шаруашылығы институтын, 2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірді. Еңбек жолын 1982 жылы Голубовкий кеңшарының №1 бөлімінде шопан көмекшісі ретінде бастады. Кейін Голубовкий кеңшарының бас агрономы болды. Сонымен бірге, «Беловодский ХПП» акционерлік қоғамында, бірнеше жауапкершілігі шектеулі серіктестікте басшылық қызметтер атқарды. Одан кейін Қашыр ауданы әкімінің бірінші орынбасары, аудандық ауыл шаруашылығы саласының басшысы, кейін Қашыр ауданының әкімі болды. Ал осы тағайындау алдында Ертіс ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: egemen.kz.