АСТАНА. 5 маусым. Алдағы 8 маусымда елімізде жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Осы атаулы күнге байланысты бүгін елордада «Астана қаласы Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорыны» мекемесінде сала қызметкерлерін құттықтау шарасы болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Құттықтау жиынына Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Бақтыбай Қасымбеков қатысып, салаға еңбегі сіңген қызметкерлерді марапаттады.
Осыдан үш жыл бұрын Елбасының жарлығымен бекітілген «Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні» осы маусым айының екінші жексенбісі болып белгіленген еді. Одан бір жыл бұрын үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында жеңіл өнеркәсіпті өркендету бағдарламасы да жасалып, мақсатты жүзеге асырыла бастағаны мәлім.
Комитет төрағасы елдегі жеңіл өнеркәсіп саласының даму үрдістері туралы әңгімелеп, индустрияландыру бағдарламасының алғашқы бес жылдығында атқарылған іс-шараларға тоқталды.
Қазіргі уақытта республикада 1,5 мыңнан астам жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс істейді, оның 97 пайызын шағын және орта кәсіпорындар құрайды. Оларда негізінен нәзік жандылар жұмыс істейді екен. Республикада 800 мыңнан астам шағын және орта кәсіпорындар жұмыс істесе, онда 2,4 млн. адам еңбек етеді. Аталған секторда өндіріс көлемі соңғы 4 жылда 1,6 млрд. теңгеден 8,3 млрд. теңгеге дейін өскен.
Мерекелік шарада Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің алғыс хаттарымен саланың 18 қызметкері, ал Өндіріс комитеті төрағасының алғыс хаттарымен 35 жұмыскер марапатталды.
Нұрбай Елмұратов.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: alashainasy.kz.
• 05 Маусым, 2014
8 маусымда елімізде жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні аталып өтеді

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше