Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2022

СҚО-да жүргізуші куәлігін «сатқан» алаяқ сотталды

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жазда СҚО ПД-ға алаяқтық қылмысын жасады деген күдікпен Көкшетау қаласының тұрғыны ұсталғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

СҚО-да жүргізуші куәлігін «сатқан» алаяқ сотталды

Бұрын осындай қылмыстар жасағаны үшін сотты болған 35 жастағы ер адам түзелмей, баяғы қылмыстық әрекетіне басқан. Ол адамдарға астанада таныс адамдары барын алға тартып, емтихан тапсырмай-ақ ақшалай сыйақыға жүргізуші куәліктерін алуға болатынын айтқан.

Жалпы алаяқтың шырмауына Тайынша ауданының 14 тұрғыны, Ақжар ауданынан бір тұрғын, Көкшетау қаласынан да бір адам іліккен. Адамдар алаяққа ақша аударып, өздеріне, жұбайлары мен балаларына да жүргізуші куәлігін алу үшін тапсырыс берген.

СҚО полицейлері алаяқты анықтап, 16 эпизод бойынша материалды сотқа тапсырды. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның сомасы 1,5 миллион теңгеден астам. Сот қаскөйді 3 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.