Олар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына кіре отырып, түрлі әскери мамандықтарды игеріп, Отанымыздың әуе шептерін қорғау жолында борышын абыроймен орындайды.
- Қызмет еткен он екі ай ішінде офицерлер мен сержанттық құрамның, сондай-ақ өздеріңіздің еңбекқорлығыңыз бен жауапкершілігіңіздің арқасында кез келген уақытта біздің әуе шептерімізді қорғауға дайын нағыз жауынгер болып шығатындарыңызға берік сенімдімін. Сіздерге денсаулық, амандық және табысты қызмет тілеймін! - деп түйіндеді полковник Орынасар Жұбанов.
Қостанай облыстық қорғаныс істері департаментінің жиын пунктінде тәжірибелі дәрігерлер мен психологтар олардың моральдық-психологиялық жағдайы мен денсаулығын анықтай отырып, мұқият іріктеу жүргізді.
Ал әскери бөлімге келгеннен кейін бір ай ішінде әскерге шақырылушылар жас толымның жиыны бағдарламасы бойынша курстан өтті. Ол кезде олар қызмет өткеретін бөлімнің тарихы мен дәстүрлерімен танысты, техника мен қару-жарақтың тактикалық-техникалық сипаттамаларын, саптық, мемлекеттік-құқықтық және атыс даярлығының негіздерін зерделеді.
Әскери ант қабылдағасын, сарбаздардың ата-аналарына экскурсия ұйымдастырылды.