Күрес • 13 Желтоқсан, 2022

Астанада қазақ күресінен әлем чемпионаты өтіп жатыр

568 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен әлем чемпионатының бірінші күні аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада қазақ күресінен әлем чемпионаты өтіп жатыр

Үш жас тобын (ересектер, жастар және жасөспірімдер) қамтыған тұңғыш Әлем чемпионатына 40-қа жуық мемлекеттің 350 балуаны қатысып жатыр.

Жарыстың салтанатты ашылу салтанатында Біріккен күрес әлемі (UWW) Бюросының мүшесі және дәстүрлі күрес стильдері комитетінің президенті Мария Якши Родика мен Qazaq kuresi Ассоциациясының бас директоры Ербол Мырзабосынов спортшыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Содан кейін қазақ спортының ардагері Марат Жақит балуандарға ақ батасын беріп, оларды жеңіске жігерлендірді.

Жарыс бағдарламасына сәйкес жасөспірімдер мен жастар, әрқайсысы 5 салмақ дәрежесінде кіл мықтыны анықтайды. Ал ересектер 12 салмақ дәрежесінде (ерлер – 8, әйелдер – 4) белдеседі. Әлемдік дода аясындағы ересектердің ерлер сынында ұлттық құраманың өкілдері – Бекжан Төлепов (55 кг), Марат Нигматуллаев (60 кг), Нұр Аманшүкіров (66 кг), Жұмажан Қожамбеков (74 кг), Айдын Дартаев (82 кг), Тоқтарбек Айдарбек (90 кг), Марат Байқамұров (100 кг) және Нұрдәулет Жарылғапов (+100 кг) ел намысын қорғауда.

Чемпионаттың бірінші күні ересек спортшылар жарыс жолына шықты. Атап айтқанда, ерлер 82, 90, 100 және +100 келі салмақта белдесті. Ал әйелдер 75 және +75 келі салмақта сайысқа түсті.

Бірінші күннің қорытындысы төмендегідей:

82 кг

І орын – Айдын Дартаев (KAZ)

ІІ орын – Умид Есанов (UZB)

ІІІ орын – Амир Шейх Хоссейни (NED)

ІІІ орын – Хамроз Ражабов (TJK)

 

90 кг

І орын – Томаш Щепаняк (POL)

ІІ орын – Жамалбек Асылбекуулы (KGZ)

ІІІ орын – Токтарбек Айдарбек (KAZ)

ІІІ орын – Иван Козов (MDA)

 

100 кг

І орын – Марат Байқамұров (KAZ)

ІІ орын – Бахриддин Абдураимов (UZB)

ІІІ орын – Алексей Лысенко (POL)

ІІІ орын – Даваабат Цогбаатар (MGL)

 

+100 кг

І орын – Нұрдәулет Жарылғапов (KAZ)

ІІ орын – Бекболат Токтогонов (KGZ)

ІІІ орын – Гиоргий Чагелишвили (GEO)

ІІІ орын – Мухсин Хисомиддинов (UZB)

 

Бұл күнгі нәзік жандардың нәтижесі төмендегідей:

75 кг

І орын – Батцэцэг Цог-Очир (MGL)

ІІ орын – Деборах Вос Кайли (NED)

ІІІ орын – Филура Ергашова (UZB)

ІІІ орын – Сахбаз Сенанур  (TUR)

 

+75 кг

І орын – Нагира Сарбашова (KGZ)

ІІ орын – Кебадзе Елене (GEO)

ІІІ орын – Рахима Юлдошова (UZB)

ІІІ орын – Мөлдір Азамат (KAZ)

 

Айта кетейік, Qazaq kuresi Ассоциациясы биыл Біріккен күрес әлімінің (UWW) құрамына енген болатын. Алдағы уақытта барлық халықаралық жарыстар UWW-мен бірлесіп өткізіледі.

Qazaq kuresi Ассоциациясы қазақ күресінен Әлем чемпионатын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының, «Туризм мен спортты қолдау және дамыту қоры» корпоративтік қорының, «Сәтті жұлдыз» бірегей лоторея операторының және Дене шынықтыру және бұқаралық спорт Академиясының қолдауымен ұйымдастырып жатыр.