Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2022

Түркістан облысында су тасқыны кезеңіне дайындық басталды

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Түркістан облысының Сауран және Созақ аудандарындағы ықтимал су тасқыны мен сел жағдайларының тәуекелдерін бағалау мақсатында құтқарушылар мен әкімдік өкілдері Қазавиақұтқару тікұшағында 21 су қоймасы мен таулы аумақты айналып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында су тасқыны кезеңіне дайындық басталды

Экология, геология және табиғи ресурстар және көзбен шолып қарау министрлігі Су ресурстары комитетінің Сырдария бассейндік инспекциясының деректеріне сәйкес Сауран ауданының 8 су қоймасының және Созақ ауданының аумағындағы 13 су қоймасының жай-күйі жарамды деп бағаланады және оларда көлемнің шамамен 20-25 пайызы жинақталған. Қаратау бөктерінде қардың жинақталған қоры 4-6 см құрайды.

Жыл басынан бері барлығы 13 аэровизуалды ұшу жүргізілді. Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті су тасқыны қаупі бар кезеңде су қоймаларының гидротехникалық құрылыстарының жай-күйін және олардың жұмыс режимін тұрақты бақылауда ұстайды.