Президент • 13 Желтоқсан, 2022

Президент Астана қаласының әкіміне тапсырма берді

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президентке Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Астана қаласының әкіміне тапсырма берді

Мемлекет басшысына сорғы-сүзгі стансасы (ССС-3), газбен жылыту стансалары, жылу электр орталығы секілді қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы жөнінде баяндалды. Аталған нысандардың құрылысы 2023 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Президентке елорданы газбен қамту ісінің барысы, ұзаққа созылған құрылыс жұмыстарының аяқталуы, әлеуметтік нысандардың құрылысы, тұрғын үй алаптарын дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, инвестиция тарту бойынша ақпарат берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкіміне жылу беру маусымының барысын бақылауда ұстауға, елорданы одан әрі өркендетуге қатысты бірқатар тапсырма берді.