Оқиға • 13 Желтоқсан, 2022

Қонаев қаласында ірі қару-жарақ орны табылды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында қару-жарақ сақталған орын анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қонаев қаласында ірі қару-жарақ орны табылды

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы облысы ПД ЭҚІҚБ қызметкерлері Алматы облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, Қонаев қаласындағы орман жолағынан қару-жарақ сақталған орынды анықтады.

«Қытай сөмкесінің ішінен 12 мм винчестердің 2 бірлігі, 223 Rem BENELLI мылтық карабині, 16 мм екі ұңғылы кесілген аңшы мылтығы және бір ұңғылы кесілген мылтық табылды. Сонымен қатар газ тапаншасы, Ф-1 екі жауынгерлік граната, 440 дана 7,62 мм калибрлі және 18 дана 12 калибрлі патроны бар темір қорап, сондай-ақ оқ өтпейтін жилет тәркіленді», деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі бойынша Қонаев қаласы ПБ-ға тіркелген. Қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды және тергеу жүргізіліп жатыр.