Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2022

Облыс әкімдіктеріне 52,4 млрд теңге бөлінеді

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Микрокредит беру есебінен ауыл шаруашылығы кооперациясын белсенді дамыту арқылы ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасы іске асырыла бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыс әкімдіктеріне 52,4 млрд теңге бөлінеді

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев баяндады.

7 жыл ішінде бұл мақсаттарға 1 миллионнан астам ауыл тұрғынын қамтып және барлық жеке қосалқы шаруашылықтардың жартысын кооперативтік кәсіпкерлікке тартып, 1,0 трлн теңге бөлу және 350 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарда бар.

Қазірдің өзінде 2023 жылы жобаны жүзеге асыру үшін барлық облыстың әкімдіктеріне 52,4 млрд теңге бөлінеді, 11 мың микрокредит беру және 12 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта облыс әкімдіктері «Ауыл Аманаты» жобалық кеңсесімен бірлесіп, жобаны іске асыру үшін ауылдық округтерге скрининг жүргізуде.

«Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі оларды уақытылы және сапалы орындау үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдайтын болады», деді Ербол Қарашөкеев.