Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында заңнамалық актілерге нормалардың заңнамалық жағынан шамадан тыс регламенттелуі тұрғысынан ревизия жүргізуді тапсырған еді. Осы орайда келер жылы қайта қаралатын заңдар кестесі жақын арада бекітіледі.
«Бүгінгі таңда мемлекеттік органдар жаңа тәсілдерді ескере отырып жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, мемлекеттік органдар өз ережелерінде заңға тәуелді актілерді қабылдау жөніндегі функцияларды бекіте алады. Заңнамада бұл үшін алғышарттар жасалған», деді Әділет министрі.