Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2022

Ақсақалдарға сәлем беру парыз

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысына жақында тағайындалған әкім Айдарбек Сапаров жылды қорытындылайтын, Тәуелсіздік пен Жаңа жыл мерекесін қарсы алатын қысылтаяң кезеңге қарамай уақыт тауып, ақсақалдарға сәлем беріп, олардың алдында кішілік танытты, деп жазады Egemen.kz.

Ақсақалдарға сәлем беру парыз

Қазір «ақсақалдарды сыйлау керек, салт-дәстүрімізден айырылмауымыз керек» дегенді жиі ұрандатып жатсақ та соны орындайтын әкімдер аз. Бәрі де бүгінгі күннің шырғалаңымен ежелгі дәстүрдің маңызын ұмытып кетіп жатады. Тек жілігінде тектілік бар, көргенді азаматтар ғана мұндайдан аттамайды. Қазақ қоғамы ешқашан да ақсақалдардың сөзін, пайдалы лебізін аяққа баспаған. Соның арқасында басынан бақ таймаған. Айдарбек Сапаров соны ескеретін жігіт екенін көрсетті.

«Бүгін өңіріміздің ақсақалдарымен кездесіп, батасын алдым. Облыстың дамуына көп үлес қосқан аға буынның бізге айтар ақыл-кеңестері көп. Қарияларды облыстың даму жоспарымен таныстырып, жүзеге асырылатын жобалар туралы да айттым. Ардагерлер әр саланы жақсарту бойынша біршама жақсы, пайдалы ұсыныстар айтты. Барлық ұсыныстарды қабылдап, өңірді дамыту жоспарына қосамыз», деп жазды өзінің Твиттердегі парақшасында.

Жаңа әкімнің жақсы қадамына ақсақалдар да разы болып, өткен күндердің өрнекті кезеңдерін еске алып, риза көңілмен тарасты.