Оқиға • 15 Желтоқсан, 2022

Жаңаөзенде Ұлттық ұлан сарбазы суицид жасады

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңаөзен қаласындағы Ұлттық ұланның 5548 әскери бөлімінің жатақханасында 19 жастағы жігіт асылып қалды. Бұл туралы Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Ерлан Құтқожа мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңаөзенде Ұлттық ұлан сарбазы суицид жасады

«Марқұм Ұлттық ұлан сапында 2021 жылдан бері қызмет етеді. Ол Ақтөбе облысынан келген. Байланыс маманы-сапер қызметін атқарған. Жігіт некеде емес. Қайғылы оқиға туралы туыстарына хабарланды. Қазір нақтылау шаралары жүргізілуде. Бұл жантүршігерлік оқиға», деді Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Ерлан Құтқожа.

Еске салайық, Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева жақында «Әскери полиция органдары туралы» заң жобасын талқылау барысында Қорғаныс министрлігіне жүгінген болатын. Оның айтуынша, қабылданған шараларға қарамастан, әскери ортада жиі жауынгерлік емес шығындарға әкелетін күш қолдану, әскери қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау фактілері әлі де жойылмай келеді.

«Бұл факт қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызады және осы себепті көптеген ата-аналар ұлдарының өмірі мен денсаулығы үшін қауіптеніп, оларды әскерге жіберуге қорқатынын мойындау керек», деді Н.Дементьева.