Әлем • 15 Желтоқсан, 2022

Ыстанбұл мэрі түрмеге қамалды

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия соты Ыстанбұл қаласының әкімін екі жыл жеті айға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz Daily Sabah басылымына сілтеме жасап.

Ыстанбұл мэрі түрмеге қамалды

Ыстанбұл мэрі Экрем Имамоглу үш жыл бұрын сайлау нәтижелерінің жойылуын «ақымақтық» деп атағаннан кейін айыпталды. Сот мұны Жоғарғы сайлау комиссиясының мүшелерін қорлау деп санады.

52 жастағы Имамоглу түрік оппозициясының өкілі және алдағы маусымда өтетін сайлауда Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоғанның басты бәсекелестерінің бірі.

Алайда, сот шешіміне сәйкес, енді Имамоглуға саяси қызметпен айналысуға да тыйым салынды, бұл оны елдегі президенттік сайлауға қатысу мүмкіндігінен іс жүзінде айырады.

Үкім мен саяси тыйымды апелляциялық сот растауы керек. Егер жоғары орган үкімді қолдаса, Экрем Имамоглу бес жыл көлемінде саяси қызметпен айналыса алмайды. Сондықтан ол Ыстанбұл мэрі қызметінен босатылуы мүмкін. Айыптаушы тарап Экрем Имамоглуды төрт жыл бір айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Экрем Имамоглу сотқа шағымданатынын айтты. Қазір апелляция қаралып жатқандықтан ол қаланы басқаруды жалғастыра береді.