Қаржы • 15 Желтоқсан, 2022

«7-20-25» бағдарламасы қашан аяқталады?

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасын 2029 жылға дейін жалғастыру мәселесі талқыланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банкке сілтеме жасап.

«7-20-25» бағдарламасы қашан аяқталады?

Ақпарат бойынша, Мемлекет басшысы сайлауалды тұғырнаманы іске асыру аясында «7-20-25» бағдарламасын 2029 жылға дейін жалғастыруды тапсырған.

«Қазіргі таңда Ұлттық банк Үкіметпен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жекелеген, соның ішінде қаржыландыру мәселесіне байланысты параметрлерді нақтылап жатыр», делінген банк хабарламасында.

Айта кетейік, қабылданған шешім талқылау аяқталғаннан кейін жарияланады.