Медицина • 15 Желтоқсан, 2022

Әлемнің ең мықты нейрохирургтары қазақстандық дәрігерлермен тәжірибе алмасады

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда әлемнің ең үздік хирургтарының қатысуымен дискуссиялық нейрокурс өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемнің ең мықты нейрохирургтары қазақстандық дәрігерлермен тәжірибе алмасады

16-18 желтоқсанда Алматыдағы «Орталық клиникалық ауруханада» VII халықаралық дискуссиялық нейрокурс өтеді. Үш күндік іс-шараға Германия, Израиль, Ресей және Қазақстанның түкпір-түкпірінен үздік нейрохирургтер, невропатологтар және басқа да мамандар жиналады.

Жыл сайын ұйымдастырылатын халықаралық дискуссиялық нейрокурстың басты мақсаты – еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамыту және отандық медицинаға озық тәжірибені енгізу.

Тәжірибе алмаса отырып спикерлер «Орталық клиникалық аурухана» АҚ және «Private Clinic Almaty» базасында жұлын мен миға ота жасап, клиникалық жағдайларды талдайды, емдеу және оңалту мәселелерін талқылайды.

Нейрокурс онлайн және офлайн форматта өтеді. Оталарды тікелей эфирде әлемнің мыңдаған дәрігері тамашалайды.