Қоғам • 16 Желтоқсан, 2022

Дұрыс тамақтану әліппесі

539 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кез келген ата-ананың да, қоғамның да өзек­ті бір мәселесі – балаларды дұрыс тамақтана білуге дағдыландыру. Өйткені дүкен сөрелерінде самсаған, көздің жауын алатын әдемі азық-түлік өнімдерінің көпшілігі ағзаға пайдасы жоқ, тіпті зиянды болуы да мүмкін.

Дұрыс тамақтану әліппесі

Қазан айынан бері Астана мен Алматы қалаларының мектептерінде бастауыш сынып оқушыларына арналған аспаздық шеберлік байқаулары өтіп жатыр. Келешек ұрпақтың денсаулығын сақтауға бағытталған бастамалардың қай-қайсысы да қолдау мен назар аударуды қажет ететіндіктен, Алматы қаласындағы №52 жалпы білім беретін мектепке бас аспаз өткізген шеберлік сабағына келдік.

Бұл жолы «Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасы аясында өткен дәріске 3-сынып оқушылары ата-аналарымен бірге қатысты. Айтқандай, іс-шараға  2030 жылға дейін дүние жүзіндегі 50 млн-ға дейін баланы дұрыс тамақтануға дағдыландыруға бастамашы болып отырған «Нестле Қазақстан» мен Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығы ұйытқы болды. 

Білім берудегі жаңа технологиялар қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Татьяна Ежова балаларды дұрыс тамақтануға әдеттендіру туралы айта келе: «Бағдарлама барынша жеңіл болғандықтан, балалар пайдалы тағамдар, дәрумендер, диета құру негіздерін білуге ықыласпен ұмты­лады», дейді. Ал «Нестле» білім беру бағдарламалары бөлімінің басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Александра Ма­кеева «Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасы өзінің 10 жылдығына қадам басып келе жатқанына тоқтала келе: «Осы ауқымды жобаның аясында тағы бір қосымша бастаманы қолға алдық. Балалар сабақ­тан тыс уақытта мектепте немесе үйде бас аспаздар жүргізген онлайн шеберлік-дәрістері арқылы денсаулыққа пайдалы тағамдар әзірлеп, конкурс платформасына орналастырады. Біріншіден, бұл тағамдардың дайындалуы өте қарапайым, екіншіден өте пайдалы, үшіншіден дәмді әрі көңілді. Кейін балаларға өмір бойы қажет болатын ойын түріндегі байқау желтоқсан айында аяқталады. Әрине, жеңім­паздар марапатталады. Ең қызығы, бағдар­ламаға тартылған оқушылар үйде әке-шешелерін дұрыс тамақтана білуге үйретеді екен», дейді.

 

АЛМАТЫ