Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2022

Елордада Орталық Азия медиа форумы өтеді

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Желтоқсан айының 20-21 күндері Астана қаласында бірінші Орталық Азия медиа форумы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада Орталық Азия медиа форумы өтеді

Форум аясында медиа мамандар мен танымал сарапшылар өңірдегі медианы дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, Орталық Азияда ортақ медиа кеңістік құру идеясын сараптайды. 

Орталық Азия Медиа Форумының күн тәртібіндегі басты мәселе – бірыңғай медиа платформа қалыптастыру. Іс-шараға 100-ден астам спикер қатысады. Атап айтқанда, халықаралық деңгейдегі белгілі ғалымдар, саясаткерлер, журналистер, беделді сарапшылар мен медиа саласындағы халықаралық ұйымдардың өкілдері. 

Форумның панельдік сессиясында Түркияның 11-Президенті Абдолла Гүл, Монғолияның 3-Президенті Намбарын Енхбаяр өз ойларын ортаға салады.

Сонымен қатар іс-шараға Түркі мемлекеттері ұйымы, Ислам Ынтымақтастығы ұйымы, Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы, ТҮРКСОЙ, АЫӨСШК, БҰҰ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, UNFPA, ЕҚЫҰ Қазақстандағы өкілдіктері қатысады.  

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген, БҰҰ резолюция арқылы бекіткен 21 қыркүйектегі «Халықаралық бейбітшілік күнінің» және әлемдік «Peace one day»жобасының авторы Джереми Гиллимен бірге бейбітшілік идеясы бойынша арнайы сессия өткізеді.