Елорда • 16 Желтоқсан, 2022

Астанада балабақша ашылды

549 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада жаңа балабақша ашылды. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада балабақша ашылды

«Қаланы аралау барысында, сол сияқты тұрғындармен кездесуде де әлеуметтік нысандар салу мәселесі көтеріледі. Көлем бойынша қазіргі деңгейді сақтап қана қоймай әлеуметтік нысандардың санын да арттырамыз. Мәселен, алдағы оқу жылына 13 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 100 мың оқушы орнына (2 ауысымды) арналған 25 ірі мектепті жобалау жұмысы басталды. Жаңа форматтағы білім ордаларының құрылысын 2023 жылы бастаймыз», делінген жазбада.

Сол сияқты келер жылы жекеменшік балабақшаларға арнап 9 мың орынға арналған қосымша мемлекеттік тапсырыс берілетіні жазылған. Ол арқылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды арттыруға болады.

«Бүгін қарқынды дамып келе жатқан ауданда №98 «Мирас» мемлекеттік балабақшасы ашылды. (Есіл ауданы, Күлтегін көш.). Балабақшаның сыйымдылығы 300-ге жуық орынды құрайды. Мұнда ойын және музыка бөлмелерінен бөлек педиатр, логопед, психолог кабинеттері, сондай-ақ емдеу кабинеті қарастырылған медициналық кабинет бар. Бұл мекемеде инклюзивті білім беруге де жағдай жасалған. Балабақша 2023 жылдың қаңтарынан бастап толық жұмыс істейтін болады», деп жазды Жеңіс Қасымбек.