Әлем • 18 Желтоқсан, 2022

Словакия әскери нысандардың үстінен дрон ұшыруға тыйым салды

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Словакиядағы әскери нысандардың үстінен ұшқышсыз ұшатын аппараттардың ұшуына тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Словакия әскери нысандардың үстінен дрон ұшыруға тыйым салды

Тиісті Жарлыққа ел президенті Зузана Чапутова қол қойған. 

Заңды бұзғандар 500 еуроға дейін айыппұл төлеуі мүмкін. 

Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі мен әскери полиция қызметкерлеріне еліміздің әскери нысандарының әуе кеңістігін бұзатын ұшқышсыз ұшақтардың жұмысын тоқтатуға рұқсат етілген. 

Заң 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап күшіне енеді.