Оқиға • 18 Желтоқсан, 2022

Иран түрмесінде бүлік шықты

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иран астанасында орналасқан Кередж түрмесінде болған тәртіпсіздіктер кезінде бір тұтқын қаза тауып, көп адам жараланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иран түрмесінде бүлік шықты

Иранның ресми ақпарат агенттігі IRNA-ның хабарлауынша, Альборз облысының бас прокуроры Хусейн Фазли Херикенди бұл мәселеге қатысты мәлімдеме жасаған. Оның айтуынша, Кереджа қаласының орталық түрмесінде есірткімен сотталған және айыпталған азаматтар арасында қақтығыс болған. 

Прокурордың айтуынша, қақтығыс кезінде бір адам қаза тауып, көпшілігі әртүрлі дәрежеде жарақат алған. 

Херикендидің айтуынша, қақтығыс қауіпсіздік күштерінің араласуынан кейін тоқтаған. Ұсталған екі адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.