Жеңіл атлетика • 18 Желтоқсан, 2022

Астанада жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтіп жатыр

249 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астана қаласында Әмин Тұяқовтың жүлделеріне арналған І Халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Астанада жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтіп жатыр

Тұңғыш рет жалауын көтерген жарысқа Тәжікстан, Гонконг, Қырғызстан және Қазақстаннан екі жүзге тарта спортшы қатысып жатыр.

«Елорда төрінде жеңіл атлетикадан КСРО-ның Еңбек сіңірген спорт шебері, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Әмин Елемесұлы Тұяқовтың құрметіне жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтті. Алыс-жақын бес мемлекет спортшылары бақ сынаған жарыс алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасын табады деп үміттенемін. Әмин ағамыздың отандық жеңіл атлетикаға қосқан үлесі орасан зор. Біз осындай азаматтарды ардақтап, барында бағасына жетуге тиіспіз. Ал өскелең ұрпақ, жас спортшылар алдыңғы буын ағаларының жолын жарқын жеңістерімен жалғауы тиіс», деді Жеңіл атлетика Федерациясының бас хатшысы Асхат Сейсембек.

Жарыс бағдарламасына жеңіл атлетиканың мынадай түрлері кіреді:

• Жүгіру – 60м, кедергілермен 60м, 400м, 800м, 3000м;

• Ядро итеру;

• Ұзындыққа секіру;

• Биіктікке секіру.

Сонымер қатар жарыс бағдарламасына 14 жасқа дейінгі балалар арасында 60 м қашықтыққа жүгіру және 4х200м аралас эстафета (2ұл + 2қыз) енгізілді.

Астанада әйгілі желаяқ Әмин Тұяқовқа арналған турнир басталды Астанада әйгілі желаяқ Әмин Тұяқовқа арналған турнир басталды

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы тағайындалған. Жарыстың салтанатты ашылу салтанатына Әмин Тұяқов, ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Асхат Сейсембек қатысты.

Астанада әйгілі желаяқ Әмин Тұяқовқа арналған турнир басталды

«Жеңіл атлетикаға арналып салынған осындай манежде халықаралық жарыстардың көптеп өткені жақсы. Биыл менің атыма арналған жарыс бірінші рет ұйымдастырылып отыр, өте қуаныштымын. Сайыста әртүрлі елдердің спортшылары бақ сынап жатыр, бұл біздің спортшыларымызды үлкен жарыстарға дайындауға көмектеседі. Қазақстандық жеңіл атлеттер осындай бәсекелерге түсу арқылы шыңдалады, өзге ел спортшыларынан үлгі алады», деді жеңіл атлетикадан Еуропа чемпионатының жүлдегері Әмин Тұяқов.

Әмин Тұяқов жеңіл атлетикадан КСРО-ның Еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Маңғыстау облысының құрметті азаматы. ҚСРО чемпионатының жеңімпазы және жүлдегері, КСРО рекордшысы, Еуропа Кубогының иегері, Еуропа чемпионатының жүлдегері.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25