Кинофестиваль аясында режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» атты қазақстандық көркем фильмі көпшілікке ұсынылды. Кино ежелгі грек тарихшысы Геродот Галикарнастың массагет патшайымы туралы шежіре-деректеріне негізделген.
Фильм жергілікті көрермендер мен дипломатиялық корпус өкілдерінің оң пікірлерін алды. Тамашалауға келгендер қазақстандық кино актерлерінің өнерін жоғары бағалады. Олар сондай-ақ ең күрделі жауынгерлік, шабандоздық шеберлік көріністерінің ауқымы мен орындалуын атап өтті және «Томирис» фильмін соңғы жылдардағы сапалы тарихи фильмдердің бірі деп атады.