Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» бағдарламасы аясында жарық көрген бұл кітапқа Айгүл Сейілдің әр жылдары «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Жас Алаш», «Жас қазақ» сынды республикалық мерзімді басылымдарда жарияланған танымдық мәні терең, оқырманға ой салатын дүниелері енгізілген.
Кітаптың таныстырылымына зиялы қауым өкілдері, қаламгердің әріптестері, оқырмандары, жастар қатысып, Айгүл Сейілдің шығармашылығы жөнінде жылы лебіздерін білдірді.
«Бұл кітапқа салмақты, құнды дүниелер енгізіліпті. Мұндағы әдеби зерттеулер жинақы жазылған. Айгүл Сейіл осы кітап арқылы журналистиканың жүгін арқалай жүріп, өзінің шығармашылық әлеуетін көрсете білген. Айгүлге шығармашылық табыс тілеймін», деді Қазақстан жазушылар одағының Астанадағы филиалының төрағасы, ақын Дәулеткерей Кәпұлы.